Физика – техникалық факультеті Психикалық процестер

бет4/5
Дата25.11.2023
өлшемі401,46 Kb.
#126834
1   2   3   4   5
Байланысты:
12 лекция

Адамның көңiл-күйiнiң кейпiн бiлдiретiн жəйттiң бiрi психологияда фрустрация (көңiлдiң бұзылуы, межелi iстiң жүзеге аспай қалуы) деп аталады. Жоспарланған iсi мен мүдделi мақсаты түрлi себептер мен кедергiлерге ұшырып, адам оған ренжидi, көңiлi құлазып, қайғырып, күйзеледi, ашуға булығады.

Адам көңіл күйінің ерекше көріністері стресс және дистресс болып табылады. “Стресс” сөзі ағылшын тілінен аударғанда – зорлану, қысым жасау деген мағынаны білдіреді. Стрестік күй – соңғы 30-35 жыл ішінде ғылым мен техниканың, өнер мен білімнің тасқындап дамуына орай және экологиялық жағдайдың қолайсыздығына сәйкес адамда пайда болған эмоция мен сезімнің көрінісі. Адам осындай стрестік күйдің психологиялық ерекшеліктерін біліп, оған бейімделуі қажет.

Стрестің физиологиялық негізі – американдық физиолог У. Кенноның гомеостазис (бұл терминнің мәні – ішкі организм қызметінің бір қалыпты жағдайы дегенді білдіреді) туралы ілімі мен Канада ғалымы Г. Сельенің организмнің сыртқы күшті тітіркендіргіштерге өздігінен икемделіп қорғануы жөніндегі зерттеуі. Мұндай тітіркендіргіштердің организмге әсерінің күштілігі сондай, олар адамның денесіне, жүйке жүйесіне, психикасына да күшті әсер етіп, сезімдік-эмоциялық жағдайын шиеленістіреді. Стрестік жағдай адамның мінез-құлқына да күшті әсер етіп, қалыпты жағдайларды ауытқуға ұшыратады, ол бей-берекет қимыл-қозғалыстар жасайды. Адамның психикалық процестері – қабылдау мен ес, зейін әдетен тыс қателіктер жібереді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет