Елі мен жұртының болашағы туралы қатты қайғырып толғанған абызды халық



Дата25.11.2023
өлшемі24,5 Kb.
#127388
Байланысты:
Асан Қайғы


Асан Қайғы - қазақтың ақын-жырауы, философы. Ол XIV ғасырдың екінші жартысында Еділ бойында өмір сүрген. Жәнібек ханның кеңесшісі болған. Асанның шын есімі - Хасан Сәбитұлы. Асан Қайғы Алтын Орданың ханы, кейіннен Қазан хандығының негізін қалаушы Ұлы Мұхаммедтің ең ықпалды тұлғаларының бірі. Елі мен жұртының болашағы туралы қатты қайғырып толғанған абызды халық Асан Қайғы деп атаған. Ол өзінің толғауларында хандықты нығайту, елдің қорғаныс қабілетін арттыру қажеттігін насихаттайды.  Асан қайғы қазақтың алғашқы хандары Керей мен Жəнібекті қолдағаны, олардың кеңесшісі болғандығы, өз шығармаларында халық тағдыры, хан билігінің əділ болуын қалағандығы көрсетілген. Бытыраған қазақ ру-тайпаларының бірлігі, топтасуы идеясын көтерген алғашқылардың бірі болғандығы жəне оның бұл мұңы «Жерұйық» атты шығармасында жырланғаны дəлелденген.
Асан Қайығының құрметіне 16 ғасырда Қызылорда облысының қазіргі Шиелі ауданының аумағында Асан ата кесенесі тұрғызылды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет