Абсолют қатты дене – деформацияланбайтын және осы дененің кез келген екі нүктесінің арақашықтығы қозғалыстың барлық уақытында тұрақты болып қалатын дене.
Ілгерілемелі қозғалыс – абсолют қатты дененің кез келген екі нүктесі арқылы жүргізілген түзу сызық кеңістіктегі орын ауыстыру кезінде өзіне өзі параллель болатын қозғалыс.
Айналмалы қозғалыс – абсолют қатты дененің барлық нүктелері центрлері айналушы өсі деп аталатын түзу бойында жататын, радиустары әртүрлі шеңберлерді сызатын қозғалыс.
Күш моменті – күш пен күш иінінің көбейтіндісіне тең шама. M= Fd
Күш моменті – өстік вектор, оның бағыты оң бұранда ережесі немесе оң қол ережесі бойынша анықталады.
Күш иіні – айналу өсінен күш әсер ететін сызыққа дейінгі ең қысқа қашықтық.
Материялық нүктенің инерция моменті – массасы мен өске дейінгі ара қашықтық квадратының көбейтіндісі. I=mr2
Импульс моменті – дененің инерция моменті мен бұрыштық жылдамдығының көбейтіндісі. L=Iω
Штейнер теоремасы: кез келген ось арқылы өтетін дененің инерция моменті массалар центрі арқылы өтетін инер ция моментінің осьтердің ара қашықтықтарының квадраты на көбейтілген дене массасының қосындысына тең