Лазерларды қолдану. Лазерлар олардың жоғары когеренттілігіне және өткір бағыттылығы себепті байланыста, локацияда, аз мөлшерлі көлемдерде жоғары температура алу үшін және т.б. салаларда қолданылады. Мысалы, сәуле шығару жолағының ені 10 нм,1 мкм толқын ұзындығында 10 000 радипрограммалар жүргізуге болады. Лазерлар бұдан басқа медицинада, ауыл шаруашылығында және өндірістің көптеген облыстарында кеңінен қолданылады.
Рентген спектрлері.Рентген түтікшесінде электр өрісінің әсерінен күшті үдетілген электрондар анодқа соқтығысып, онда кенет тежеуге ұшырайды. Сонда толқын ұзындығы шамамен электромагниттік толқын болып табылатын рентген сәулесі пайда болады.
Рентген сәулесінің спектрлік құрамы күрделі, ол электрондардың энергиясына және анодтың материалына байланысты. Спектр қысқа толқындар жағынан тұтас спектрдің шекарасы деп аталатын қандай да бір шекаралап шектелген тұтас спектр мен сызықтық спектрдің тұтас спектрдің реңінде пайда болған жеке сызықтардың жиынтығының қосылуы болып табылады.
Тұтас спектр сипаты анод материалына мүлдем байланысты емес, ол тек анодты соққылаушы электрондардың энергиясына ғана байланысты. Тұтас спектрді анодты соққан электрондар нысан атомдарымен өзара әсерлесу кезінде тежелгенде шығарады.
Кванттың шекті энергиясы электронның бүкіл кинетикалық энергиясы квант энергиясына ауысатын тежелу жағдайына сәйкес келеді, яғни
U – электронға энергия беретін потенциалдар айырымы, - тұтас спектрдің шекарасына сәйкес келетін жиілік. Осыдан толқын ұзындығының шекарасы
Рентген спектрлерінің пайда болуы құрылысы ұқсас атомдардың ішкі электрондық қабықшаларында өтіп жатқан процестермен байланысты.
Сыртқы электронның немесе жоғары энергиялы фотонның әсерінен атомның K қабықшасындағы екі электронның бірі жұлынып алынсын.Онда оның орнына ядродан алысырақ L,M,N... қабықшалардан электрондар көшеді. Мұндай көшулер рентген кванттарын және К-тобырының спектрлік сызықтарын тұғызады: және т.б. К тобырдағы ең ұзың толқындық сызық . Сызықтардың жиіліктері ретінен өседі. Керісінше қатарда сызық интенсивтіктері кемиді, өйткені электрондардың L қабықшадан K қабықшаға өту ықтималдығы алысырақ M және N қабықшалардан көшу ықтималдығынан үлкен. К тобыр басқа тобырларды туғызады. Өйткені оның сызықтары шығарылғанда L,M,. қабықшаларда бос орындар пайда болады. Оларды жоғары деңгейдегі электрондар толтырады.
Рентген спектрлері үшін Лебули заңы орындалады:
-экрандаушы тұрақты , (рентген тобырып анықтайды), (тобырдағы жеке сызықтарды анықтайды). көшетін электронға ядроның бүкіл Ze заряды емес e заряды әсер етеді. Ол электронға ядроның әсерін басқа электрондар экрандайды.