Физика-2 курсы бойынша 2006-2007 оқу жылына арналған тірек конспектілері


ЯДРОНЫҢ БӨЛІНУ РЕАКЦИЯСЫ. ТЕРМОЯДРОЛЫҚ РЕАКЦИЯ. ЭЛЕМЕНТАР БӨЛШЕКТЕР



бет46/48
Дата24.05.2022
өлшемі6,81 Mb.
#35529
түріЛекция
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48
Байланысты:
Лекция Физика 2 - каз

ЯДРОНЫҢ БӨЛІНУ РЕАКЦИЯСЫ. ТЕРМОЯДРОЛЫҚ РЕАКЦИЯ. ЭЛЕМЕНТАР БӨЛШЕКТЕР.

30.1. Тізбекті ядролық реакция.


30.2. Жеңіл ядролардың қосылу реакциясы
30.3. Элементар бөлшектер физикасы.
Ядроның бөліну реакциясында ауыр ядро нейтрондардың және басқа бөлшектердің әсерінен бірнеше жеңілірек ядроларға (жарықшақтарға), көбінесе массалары шамалас екі ядроға бөлінеді. Сонда бөліну нейтрондары деп аталатын екі-үш нейтрон ұшып шығады:

немесе
Бөлінудің тізбекті реакциясында реакция туғызушы бөлшек осы реакцияның өнімі ретінде пайда болады. Бөлінудің тізбекті реакциясы нейтрондардың көбею коэффициентімен (К) сипатталады. Ол берілген буындағы нейтрондар санының алдыңғы буындағы нейтрондар санына қатынасына тең. Тізбектің реакцияның тууының қажетті шарты .
Тізбекті реакция жүзеге аса алатын белсенді зонаның (кеңістіктің) ең аз өлшемі сындық өлшемдер деп аталады. Сындық өлшемді жүйедегі бөлінетін заттың ең аз массасы сындық масса деп аталады.
Басқарылатын тізбекті реакция жүзеге асатын және сүйемелденетін құрылғы ядролық реактор деп аталады.
Жылулық нейтрондармен жұмыс істейтін ядролық реактордың белсенді зонасында жылу бөлетін элемент, баяулатқыш болады. Баяулатқыш нейтрондар жылдамдығын жылулық жылдамдыққы дейін кемітеді. Жылу бөлетін элементтер бөлінетін материалдан жасалынған блок болып табылады. Олар герметикалық қабықшаға салынады, нейтрондарды әлсіз жұтады. Жылу бөлгіш элементтер ядролар бөлінген кезде бөлініп шығатын энергия есебінен қызады. Сондықтан оларды салқындату үшін жылу тасығыш ағысына орналастырады. Белсенді зона шағылдырғышпен қоршалады. Ол нейтрондардың жоғалып кетуін азайтады. Тізбекті реакция нейтрондарды күшті жұтатын материалдардан (B, Cd) жасалған стерженьдермен басқарылады.
Атом ядроларының синтез реакциясы деп жеңіл ядролардан ауыр ядролардың түзілуін айтады.

Атом ядроларының синтез реакциясында бір нуклонға келетін бөлінген энергия ауыр ядроларды бөлу реакциясындағыдан едәуір үлкен (3,5 МэВ/нуклон/ 0,84 МэВ/нуклон). Синтез реакция температурада өтеді. Сондықтан атом ядроларының синтез реакциясын термоядролық реакция деп те атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет