Физика-2 курсы бойынша 2006-2007 оқу жылына арналған тірек конспектілері



бет28/48
Дата24.05.2022
өлшемі6,81 Mb.
#35529
түріЛекция
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   48
Байланысты:
Лекция Физика 2 - каз

б) Кванттық сандар. Шредингер теңдеуін (19.2) меншікті функциялар қанағаттандыратыны және олардың үш кванттық сандармен: негізгі n , орбиталық l және магниттік сандармен анықталатындығы кванттық механикада дәлелденген.
Негізгі кванттық сан n атомдағы электронның энергия деңгейлерін анықтайды және бірден бастап барлық бүтін сандарды қабылдайды:
n = 1,2,3, …
Шредингер теңдеуін шешкенде электронның импульс моментінің (механикалық орбиталық момент) квантталатыны, яғни оның мәндері кез келген сан бола алмайтындығы, ол тек дискретті мәндерді қабылдайтындығы көрініп тұр:
(19.4)
мұнда l – орбиталық кванттық сан, ол n берілгенде келесі бүтін сандарды қабылдайды:
l = 0,1, …, (n – 1),
яғни, барлығы n мәндер, орбиталық кванттық сан атомдағы электронның импульс моментін анықтайды.
Сонымен бірге Шредингер теңдеуінің шешімі бойынша электронның импульс моментінің векторының кеңістіктегі бағыты да кез келген мәнге ие бола алмайды, ол магнит өрісінің бағытына байланысты. Егер сыртқы магнит өрісінің бағыты z осімен бағыттас болса, импульс моментінің осы бағытқа проекциясы -қа еселі болып квантталады:
(19.5)
мұнда - магниттік кванттық сан, ол l саны берілгенде келесі мәндерге ие болады
(19.6)
яғни , оның барлығы 2l + 1 мәндері бар. Сонымен, магниттік кванттық сан электронның импульс моментінің берілген бағытқа проекциясын анықтайды, электронның импульс моментінің векторы кеңістікте 2l + 1 бағытқа ие бола алады. Берілген n санына сәйкес келетін әр түрлі күйлердің саны былай анықталады:
(19.7)
Электронды атомның әр бөлімінде табу ықтималдығы әр түрлі. Электрон өзінің қозғалысында электрондық бұлт құрап, атомның көлемі бойынша әр түрлі тығыздықпен «үлестірілген» сияқты, ол тығыздық атомдағы электронның әрбір нүктеде орналасу ықтималдығын сипаттайды. n және l кванттық сандары кеңістіктегі электрондық бұлттың мөлшері мен формасын сипаттайды.
Атомдық физикада спектроскопия саласындағы сияқты кванттық сан l = 0 сипатталатын электронның күйі s- күй деп аталады, l = 1 – p- күй, l = 2 – d- күй, l = 3 – f- күй және басқалар. Негізгі кванттық сан орбиталық кванттық санның шартты белгісінің алдында қойылады. Мысалы, n = 2 және l = 0 , 1 электрондық күйлер 2s және 2p символдарымен белгіленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет