Физика-2 курсы бойынша 2006-2007 оқу жылына арналған тірек конспектілері



бет44/48
Дата24.05.2022
өлшемі6,81 Mb.
#35529
түріЛекция
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48
Байланысты:
Лекция Физика 2 - каз

Сәуленің экспозициялық дозасы. Оның өлшем бірлігі рентген (Р): Кл/кг. ауаны сәулелендіргенде босаған электрондар туғызған бір таңбалы барлық иондардың электрлік зарядтардың қосындысының осы ауаның массасына қатынасы.
Биологиялық доза-сәуленің ағзаға тигізетін әсерін сипаттайтын шама. Бірлігі рентгеннің биологиялық эквиваленті: Дж/кг.
Радиоактивтік сәулелер мен бөлшектерді бақылаудың және тіркеудің тәсілдері:
1.Сцинтилляциялаушы есептегіш – негізгі элементі сцинтиллятор (кристаллофосфор) және фотоэлектрондық көбейткіш болып табылатын ядролық бөлшектердің детекторы. Ол әлсіз жарық жарқылын электрондық аппаратура тіркейтін электрлік импульстерге түрлендіруге мүмкіндік береді.
2. Вильсон камерасы – шыны цилиндрден және оған тығыз тиіп тұратын поршеннен, цилиндр ішінде орналасқан судың немесе спирттің буымен қаныққан газдан (He,Ar) тұрады. Ондағы аса қаныққан бу арқылы өткен бөлшектің ізі тіркеледі.
3. Импульстік иондаушы камера – жұмысы зарядталған бөлшектердің газды иондауына негізделген детектор.
Нейтрондар – электрлік бейтарап бөлшектер бола отырып кулондық тебу күшіне ұшырамайды, сондықтан олыр ядроға оңай еніп кетеді де, әр түрлі ядролық түрлендірулер туғызады. Нейтрондардың әсерінен болатын ядролық реакцияларды зерттеу ядролық физиканың дамуында ғана зор роль атқарып қойған жоқ, сонымен бірге ядролық реакторлардың пайда болуына жеткізді.
Нейтрондардың әсерінен болатын ядролық реакциялар:
жалпы формула

Ядролық реакциялар
Ядролық реакция деп атомдық ядроның элементарлық бөлшектермен немесе басқа ядролармен күшті өзара әрекеттескендегі, ядроның немесе ядролардың түрлену процесін айтады. Символдық түрде ядролық реакция былай жазылады
X+ a→ Y+b немесе X(a,b)Y,
Х және Y – бастапқы және соңғы ядролар, a және b – соғысқан және шығарылған бөлшектер.Бөлініп шыққан энергияны реакция энергиясы деп атайды:
, (29.1)
мұндағы 1-ші массалардың қосындысы бастапқы ядро мен бөлшек үшін, ал 2-шісі – реакция нәтижесінде пайда болған ядро мен бөлшек кейінгі үшін. Егер (m1+m2)>(m3+m4) болса, энергия бөлініп шығады, бұл-экзотермиялық реакция, қарсы жағдайда – энергия жұтылады да, ол эндотермиялық реакция деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет