Екі жағынан қисық бетпен шектелген мөлдір дене линза деп а
талады. Дербес жағдайда бір беті жазық болуы мүмкін. Сыртқы піші-
ніне қарай линзалар мынадай түрлерге бөлінеді: қос дөңес, жазық
дөңес, қос ойыс, жазық ойыс, дөңес-ойыс.
Егер линзаның қалыңдығы линзаны шектеуші беттердің қисықтық
радиустарынан әлдеқайда кем болса (d < r1), (d < r2) ондай линзалар
жұқа линзалар деп аталады. 7.4-сурет. Әдетте оптикалық жүйелерде
линзаларды екі бағытты тілшелермен белгілейді. Дөңес бет үшін
қисықтық радиусы R > 0, ал ойыс линзалар үшін R < 0. беттердің қисық-
тық центрі арқылы өтетін түзуді бас оптикалық өсь деп атайды. Линзаның оптикалық центрі деп – әдетте оны (0 деп белгілейді) негізгі (ұлы) оптикалық өсьте жататын және одан өткен сәулелер сынбайтын қасиеті бар нүктені айтады.
Жанама оптикалық өсьдеп – линзаның оптикалық центрі арқылы өтетін, бірақ негізгі оптикалық өсьпен сәйкес болмайтын түзуді айтады.
Линзаның F фокусы деп – ұлы оптикалық өсьте жататын, осы ұлы оптикалық өське параллель таралатын параксиалді сәулелер қиылысатын нүктені айтады.
Фокальдық жазықтықдеп - линзаның фокусы арқылы өтетін, негізгі оптикалық өське перпендикуляр жатқан жазықтықты айтады.
Фокустық ара қашықтық f деп – линзаның оптикалық центрі О мен линзаның F фокусы арасындағы қашықтықты айтады.
Жұқа линзаның формуласы:
7.4-сурет
а мен b — линзадан затқа және кескінге дейінгі ара қашықтық. Егер а=∞ болса, линзаға сәуле параллель шоқ түрінде түседі. (а), онда b=f. Егер b=∞ болса, онда кескін шексіздікте болады. (б), сондықтан линзадан сәулелер параллель шоқ түрінде шығады a= f . (8б-сурет).
Екі жағынан да бірдей ортамен қоршалған линзаның фокустық ара қашықтығы бірдей. Ф = 1/f шамасы линзаның оптикалық күші деп аталады. Оның өлшем бірлігі — диоптрия (дптр) — фокус ара қашықтығы 1м болатын линзаның оптикалық күші.
7.5-сурет.
Оптикалық күштері оң линзалар (7.4-сурет) жинағыш