Физика-2 курсы бойынша 2006-2007 оқу жылына арналған тірек конспектілері


линзалар, ал оптиқалық күштері теріс линзалар шашыратқыш линзалар



бет9/48
Дата24.05.2022
өлшемі6,81 Mb.
#35529
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   48
Байланысты:
Лекция Физика 2 - каз

линзалар, ал оптиқалық күштері теріс линзалар шашыратқыш линзалар деп аталады (7.5-сурет). Жинағыш линзаларға қарағанда шашыратқыш линзалардың фокусы жалған болады. Бас оптикалық өске параллель түскен сәулелер шашыратқыш линзаның (сынған сәуле) жалған фокусында түйіскен кескін сияқты болып көрінеді.
Линзаның оптикалық центрi немесе оның фокустары арқылы өтетiн, сондай-ақ бас оптикалық оське немесе оның қосымша осьтерiнiң бiрiне параллель сәулелерiн пайдаланып жинағыш немесе шашыратқыш линзалардың көмегiмен алынатын нәрсе кескiнiн салуға болады.
Бас оптикалық оське перпендикуляр орналасқан кескiннiң және нәрсенiң сызықтық өлшемдерiнiң қатынасы сызықтық үлкейту деп аталады: Ү=Lк /Lн.
Кескiндер кеңiстiгiндегi жарық сәулесiнiң оптикалық оське еңкiштiк бұрышы тангенсiнiң онымен түйiндес нәрселер кеңiстiгiндегi сәуленiң еңкiштiк бұрышының тангенсiнiң қатынасы бұрыштық үлкейту деп аталады:

Негiзгi оптикалық жүйелерде параксиальды сәулелерден өзгеше сәуле шоқтары пайдаланылады, линзаның сыну көрсеткіші түскен сәуленің толқын ұзындығына байланысты, ал жарықтың өзі монохромат емес. Осының салдарынан болатын оптикалық жүйелердегі ауытқулар абберациялар деп аталады.


Сфералық абберация. Параксиальді сәулелерге қарағанда оптикалық өсьтен алысырақ орналасқан сәулелердің S// фокусы, параксиал сәулелердің S' фокусынан жақынырақ орналасады. 7.6-сурет. Осының әсерінен жарқырауық нүктенің кескіні көмескі дөңгелекше болып көрінеді.
Сфералық аберрацияны астигматизмнің дербес 7.6-сурет жағдайы ретінде қарауға болады
Кома. Оптикалық осьте орналаспаған нүктелік жарық көзінен үлкен (кең) жарық шоғы оптикалық жүйе арқылы өтсе, онда алған нүктелік кескін пішіні бұзылады. Жарықталған дақ түрінде (7.7-сурет) көрінеді.
Нүктелік жарық көзі деп - өлшемін ескермейтін жарық көзін
7.7-сурет
айтамыз. Астигматизм Түсетін жарық шоғының қиманың әртүрлі жазықтықтарында оптикалық бетінің қисықтығының әртүрлілігінің салдарынан болатын кемістік..
Дисторсия. Сәулелердің линзаға түсу бұрышы үлкен болған кезде бас оптикалық осьтен әртүрлі қашықтықта жатқан дене нүктелерінің ұлғаюы әртүрлі болуымен байланысқан кемістік. Соның нәтижесінде заттардың арасындағы геометриялық түрі бұзылады (мысалы, түзубұрышты тор) және оның кескіні жастық тәрізді және бөшке тәрізді дисторсия сияқты бұзылады.
Хроматикалық аберрация. Линзаға ақ жарық түсетін болса, онда ақ жарықтың құрамына енетін қысқа толқынды күлгін сәуле, ұзын толқынды қызыл сәуледен көбірек сынады. Сондықтан ақ жарық линзадан өткенде линзаның беретін кескіні көмескі дөңгелек пішінді болып, жиегі түрлі түсті
7.8-сурет болып келеді. Линзаның бұл кемшілігін хроматикалық аберрация деп атайды (7.8-сурет).


Фотометрия депоптиканың жарық толқындарының толқын ұзындықтары 380 нм-ден 760 нм аралығында тасымалдайтын энергиясын өлшейтін және оның адам көзіне тигізетін әсерін зерттейтін саласын айтады. Жарық толқындары тасымалдайтын энергияны екі тұрғыдан бағалауға болады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет