Физика және астрономия пәніне арналған Білім беру коды және бейіні: Мамандығы



бет40/120
Дата06.01.2022
өлшемі1,39 Mb.
#13772
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   120
Байланысты:
Умк (1)

Идеал газ күйінің теңдеуі.

Күй теңдеуі. Біз идеал газдың жайын молекула-кинетикалық теория тұрғысынан жүйелі қарастырдық. Газ қысымының оның молекулаларының шоғырына және температурасына тәуелді болатыны анықталды. Осы тәуелділік жеткілікті сиретілген газдың берілген массасының күйін сипаттайтын барлық үш макроскопиялық параметр p, V және T-ні байланыстыратын теңдеуді алуға болады. Бұл теңдеу идеал газ күйінің теңдеуі деп аталады.

p=nkT теңдеуіне газ молекулалары шоғырына арналған өрнекті қоямыз,(1.8)- фор- муланы ескере отырып, газ шоғырын мына түрде жазуға болады:

мұндағы – Авогадро тұрақтысы, m – газдың массасы, M – оның мольдік массасы.

(3.1)-теңдеуін (2.10)-теңдеуіне қойғаннан кейін мынаны аламыз:

(3.2)

Больцман тұрақтысы k мен Авогадро тұрақтысы -ның көбейтіндісін универсал (мольдік) газ тұрақтысы деп атайды және оны R әрпімен белгілейді:



(3.3)

(3.2)-теңдеудегі көбейтіндісінің орнына универсал газ тұрақтысы R-ді қойып, массасы қалауымызша алынған идеал газ күйінің теңдеуін аламыз:



(3.4)

Бұл теңдеуде газдың тегіне тәуелді болатын бір ғана шама бар, ол – оның мольдік массасы.

(3.4)-күй теңдеуінен кез келген екі күйдегі идеал газдың қысымы, көлемі және температурасы арасындағы байланыс келіп шығады.

Егер индекс 1-мен – бірінші күйге қатысты параметрлерді белгілесек, ал индекс 2-мен – екінші күйге қатысты парамтрлерді белгілесек, онда (3.4)-теңдеуге сәйкес газдың массасы үшін



(3.5) теңдеулерін аламыз.

Бұл теңдеулердің оң бөліктері бірдей. Демек, олардың сол бөліктері де тең болуға тиіс:



(3.5)-түріндегі күй теңдеуі Клапейрон теңдеуі делінеді және бұл күй теңдеуін жазудың бір түрі болып табылады.

(3.4)-түріндегі күй теңдеуін бірінше рет ұлы орыс ғылымы Д.И.Менделеев алған. Сондықтан оны Менделеев – Клапейрон теңдеуі деп атайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   120




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет