Сабақ тақырыбы Жануарлардың қандай түрлері болады ?



Дата16.03.2022
өлшемі365,23 Kb.
#28179
түріСабақ



Пәні: Жаратылыстану

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Тірі табиғат

Мектеп:


Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны: -




Сабақ тақырыбы

Жануарлардың қандай түрлері болады ?







Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.2.2.2. Жабайы және үй жануарларын ажырату


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Жабайы жануарларды үй жануарларынан ажырата алады



Оқушылардың басым бөлігі:

жануарлардың төлдерін біледі

Кейбір оқушылар

Жануарларды түрлеріне қарай ажырата алады



Жетістік критерийлері

Жабайы жануарларды және үй жануарларын атайды.

Жануарларды жабайы және үй жануарларына топтайды.



Тілдік мақсаттар


Жабайы жануар, үй жануарлары, төл.

Құндылықтарды дарыту


Табиғатты қорғау, жануарларға қамқорлық көрсету

Пәнаралық байланыстар

Сауат ашу, өзін-өзі тану, дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

бейнеролик

Бастапқы білім


Жабайы, үй жануарларының кейбір түрлерін біледі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

3мин


Ортаға шеңбер құрып тұрамыз: бір біріміздің қолымыздан ұстаймыз, иығымызға қол қоямыз белімізге қол қоямыз,Бір біріміздің алдымызға отырамыз.

Ширату


Әр оқушыға жануарлардың суреттері беріледі. Берілген суреттер бойынша топқа бөлінеді

Үй жануарлары

Жабайы жануарлар


  1. Суретте қандай жануарлар берілген?

  2. Қазақстанда тіршілік ететін қандай жануарларды білесіңдер ?

  3. Сендер қалай топқа бөліндіңдер?




Шаттық шеңбері

суреттер


Сабақтың ортасы

26мин


Бүгін біз жануарлардың түрлерімен танысамыз.

Жабайы жануарлар деп не үшін айтамыз? (Оқушы пікірі )

Үй жануарлары деп не үшін айтамыз? (Оқушы пікірі)

Есте сақта!

Табиғатта өз бетінше тіршілік ететін жануарларды жабайы жануарлар деп атайды.

Адамдар күтіп – баптайтын жануарлар үй жануарлары деп аталады.

Жабайы және үй жануарлары

Суреттерге қара.

Жануарлар не істеп жатыр?

Олардың қайсысы жабайы, қайсысы үй жануары? Неліктен?

Топтық жұмыс

Адам үй жануарларын қалай күтіп-баптайды? Қандай пайдасы бар?





Сергіту сәті

“Үй жануарларының хоры” ойыны. Бірінші — сүт беретін жануарлар; екінші — үйде ұсталатын жануарлар; үшінші — жұмыртқа беретін, ал төртінші — қымыз беретін жануарлар.

“Тек сүт беретін жануарлар әндетеді (ме-ме-ме, мө-мө-мө-му)”. Әрі қарай үйде ұстайтын жануарлар әндетеді. Содан кейін жұмыртқа беретін жануарлар, соңынан тек сусын беретін жануарлар әндетеді.

Деңгейлік тапсырма



Ойлан!

“Орман” және “үй” деген үлестірмелі материалдарды оқушыларға таратып беріңіз. Мұғалім жануарларды атайды, ал оқушылар оны жабайы жануар деп санаса “ОРМАН”, үй жануары деп ойласа “ҮЙ” белгісін көтереді.

Сөздер: сиыр, бұғы, қасқыр, қой, есек, бұлан, кірпі, қоян, тауық, қаз, түлкі, мысық, аю.

Жеке жұмыс

12 – жұмыс парағы

Үй және жабайы жануарлар

Суреттер


Суреттер

Жұмыс дәптері



Сабақтың соңы

6мин


Бүгінгі сабақтағы жауабымызды 5 саусағымызбен бағалап шығайық.
Бас бармақ – өз денсаулығым үшін не істедім?
Балан үйрек – көңіл-күйім қандай болды?
Ортан терек – сабақта не үйрендім?
Шылдыр шүмек – нені білдім?
Кішкентай бөбек – не ұнады?

суреттер

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы




Қабілеті жоғары оқушыларға: жабайы және үй жануарларының айырмашылықтарын ата

Қолдауды қажет ететін оқушыларға: жануарлар жайлы айт




Оқушыларды смайлик арқылы мадақтау, бағалау

дүниетану

Оқушыларға жануарлардың аялауға үйретіп, мейірімділікке тәрбиелеу.




Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.




Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет