Апта 2
Тақырыбы: Қазіргі заманға педагогикалқ технологиялардың негізгі қасиеттері.
Педагогикалық технология
Білім алу, шеберлікке, іс-әрекет дағдыларына үйрету мен меңгеру барысы және
адамды өмір мен еңбекке бейімді етіп даярлаудың негізгі құралы – оқыту.Оқыту
барысының нәтижесінде білім беру мен тәрбие мақсаттары жүзеге асырылады.
Түрлі оқу орнындағы оқыту- білім берудің басты жолы,сол сияқты оқу отбасында,
өндірісте, жұмыста т.б. күнделікті адамның тіршілік және қызмет барысындағы
жағдайларда іске асып отырады.
Оқытудың мазмұны мен сипаты қоғамның материалдық және мәдени даму
дәрежесіне сай белгіленді.
Оқудың мақсаты мен мазмұны, оны ұйымдастырудың түрлері мен әдістері
адамзат қоғамының даму кезеңдеріндегі қоғамдық қатынастар негізінде, жалпы білімге,
адамдардың даярлығы негізінде қойылатын талаптардың сипатына және оқыту
жөніндегі педагогикалық идеяларға сай өзгері отырады
«Дәстүрлі оқыту» ұғымы XVІІ-ғасырда Я.А.Коменский «ұлы дидактика» еңбегінің
негізінде қалыптасты, күні бүгінге дейін әлем мектептерінде қолданылатын сынып-
сабақтың оқытуды ұйымдастыру деп түсіндіріледі.
Дәстүрлі сыныптық-сабақтық технологияның ерекшелікері мыналар:
-
оқушылардың жас ерекшеліктері бір деңгейде болады және дайындық көлеміне
қарай сыныпты құрайды. Бұл құрам негізінен мектептегі кезеңде еш өзгеріссіз
сақталады;
-
сынып біріңғай жылдық жоспармен және бағдарламаға сай сабақ кестесімен
жұмыс істейді.Осыған сәйкес балалар мектепке бір мезгілде және алдын ала белгіленген
уақытта келулері тиіс;
- оқудың негізгі бірлігі-сабақ;
-
сабақ бір пәнге, бір тақырыпқа арналған. Бір сыныптың оқушылары бір
материалмен жұмыс жасайды;
-
сабақта оқушылармен жұмысты мұғалім жүргізеді.Ол жеке пәндер бойынша әр
оқушының білімін жеке-жеке бағалап, жыл соңында сыныптан сыныпқа көшіру
мәселесін шешеді;
- оқулық негізінен үй тапсырмасын орындау үшін қажет;
- оқу жылы, оқу күні, сабақ кестесі,оқу демалыстары,үзілістер, сабақтар
арасындағы үзілістер – бұлардың бәрі сыныптық сабақтық жүйенің атрибуттары.
Оқытудың мақсаты – қозғалушы категория, бұған дейінгі педагогика оқытудың
мақсаттары былайша құрылған еді:
- білім жүйесін құру, ғылым негізін үйрену;
- ғылыми көзқарастар негізін қалыптастыру;
- әрбір оқушының жан-жақты, үйлесімді дамуы;
- адамзаттың жарқын болашағына ,сенімді күрескерлерді тәрбиелеу;
-
ой еңбегіне, сондай-ақ дене еңбегіне қабілетті, жоғары білімді ақыл-ойлы
адамдарды тәрбиелеу;
Сонымен қыту технологиясының мақсаты-бұл берілген қасиеттері бар тұлғаны
тәрбиелеу.
Оқыту технологиясы тұлғаның дамуына емес, білімді, шеберлікті,дағдыны
меңгеруге бағытталған.
Қазіргі жалпы мектептерде мақсаттар біршама өзгертілді-идеологизация
жойылды, жан-жақты үйлесімді дамудың үндеулері алынып тасталынды,
өнегелі тәрбие үлгісі өзгертілді, бірақ негізгі мақсаттардың міндеті алдын ала
жоспарланған сапалы білім алу стандарттары сол күйінде қалды.
Дәстүрлі технологиямен оқытатын мектептер «білім мектебі» болып саналады.
Қазіргі ғылыми техникалық прогрестің жағдайында жаңа әлеуметтік талаптарға,
оқушылардың жеке басының даму мүмкіндіктеріне сай оқудың мазмұны мен әдістерін
жетілдіріп, оқу құралдарының жаңа түрлерін жасау қажеттілігі туды.
Оқытудың мазмұнында ғылымның соңғы табыстарына сай теориялық материал
көлемінің артуы, оқытудың дамып келе жатқан саласына
оқушылардың танымдық
дарыны мен қабілеттілігін жетілдіруге баса назар аударылуы. Қазіргі
педагогикалық технологияны обьективті қажеттілік тұрғысынан зерттеп
тануды талап етеді.
«Оқыту технологиясы» деген түсінік бүгінгі күні дәстүрлі педагогика көпшілік
мақұлдаған түсінікке жатпайды.
Юнесконың құжаттарында оқыту технологиясы оқытудың құрылу, қолдану және
анықтау барысының жүйелі әдісі мен адамның қорлары, оның өзара қатысы болып
табылады.Ол білім беру түрлерін оңтайландыруды өзінің алғышарт ы деп есептейді.
Бір жағынан, оқыту технологиясы – ол ақпаратын өңдеудің, ұсынудың, өзгертудің
әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы, ал екінші жағынан, оқыту үрдісінде оқытушының
қажетті техникалық, ақпараттық тәсілдерді қолдана отырып, оқушыға әсер ету
құралдары жайлы ғылым. Оқыту технологиясында оқу мағынасы, әдістерітәсілдері өзара
тығыз байланыста болады.
Мұғалімнің
педагогикалық
шеберлігі
қойылған
оқу
тапсырыстары
мен
бағдарламасына сәйкес оқыту тәсілдерінің әдістерінің ең оңтайлы, қажет мағынасын
тыңдай білуде.Оқыту технологиясы жүйелі ұғым.Оның құрылымына мыналар кіреді:
-оқыту мақсаты;
-оқыту мағынасы;
-педагогикалық өзара қатынас құралдары;
-оқу үрдісін ұйымдастыру;
-оқушы, мұғалім ;
-іс-қимыл нәтижесі.
Педагогикалық технологияның мәні жайлы соңғы онжылдықта белгілі болып
келген көптеген анықтамалар бар.
Технологияны – қандай да болсын істе, өнерде қолданылатын тәсілдердің жиынтығы(
орыс тілінің түсіндірме сөздігі).
Технология – бұл өнер, шеберлік, ептілік,өңдеу тәсілдерінің жиынтығы,қалыпты
өзгерту(В.М.Шепель)
-Оқыту технологиясы-дидактикалық жүйесінің құрамдас бөлігі(М.Чашанов)
-Педагогикалық технология - әлеуметтендіру мен оқытудың түрлерін, әдістерін,
құралдарын, тәсілдерін үйлестіретін, тәрбиелеу амлдарын анықтайтын психо-
педагогикалық құрылымдардың жиынтығы: ол педагогикалық барыстың құралы болып
табылады( Б.Т.Лихачев)
- Педагогикалық технология - оқу процесін іске асырудың мағыналы
технологиясы ( В.П.Беспалко).
-Педагогикалық технология – оқытудың жоспарлы нәтижесі процесін суреттеу (
И.П.Волков).
-Педагогикалық технология – оқушы мен мұғалімнің толық жабдықталған
шарттарын қамтамасыз ететін оқу процесін жобалау, ұйымдастыру және өткізу, сондай-
ақ бірлескен педагогикалық іс-қимылдарының жан-жақты ойластырылған моделі (
В.М.Монфсьв).
- Педагогикалы технология- білім беру түрлерін оңтайландыруды өзінің
тапсырмасы ретінде қарастыратын техникалық және адамның қорларды есепке ала
отырып,өзара бірлескен білімді меңгеру мен оқытудың барлық процесін анықтау,
қолдану,құру тәсілдерінің жүйесі ( ЮНЕСКО).
-Педагогикалық технология – педагогикалық мақсатқа жету үшін қолданылатын
барлық жеке тұлғалық, құралдық, әдістемелік тәсілдерінің жүйелі жиынтығы мен ретінде
жұмыс істеу ( М.В.Кларин).
- Педагогикалық технология- алдыңғы авторлардың барлық анықтамаларының
мағынасын бойына сіңірген мағыналы қортындысы ( Г.К.Селевко).
«Педагогикалық технология» түсінігі үш түрлі құбылыс ретінде ұсынылады:
-ғылыми;
-іс-жүргізу,суреттеу;
-ықпалды іс жүргізу.
Сонымен, педагогикалы технология оқытудың ұтымды жолдарын зерттейтін
ғылым ретінде жұмыс істейді және оқуда қолданылатын тәсілдер жүйесі ретінде,
оқытудың шынайы барысы ретінде де қарастырылады.
Педагогикалық технологияның негізі болып педагогикалық, психологиялық және
әлеуметтік ғылыми жетістіктері, алдыңғы қатарлы педагогикалы тәжірибеде, халықтық
педагогика, отндық және шетелдік педагогиканың өткенінің барлық жақсы
жинақталғаны болып таблады.
Педагогикалық жүйенің табысты жүзеге асуы үшін оны құрайтын барлық
нәрселердің тыңғылықты ойластырылуы қажет.
Кез келген педагогикалық технология педагогикалық ғылымм мен іс-тәжірибе
жетістіктерінің жиынтығынан, бұрынғы тәжірибенің дәстүрлі түрлерін қосатын және
қоғамның дамуы, демократизациялау нәтижесінде пайда болған нәрселерден тұрады.
Бірдей технология түрлі орындаушының қолында әр кезде басқа болып көрінеді.
Бұл жерде мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне жеке тұлғалық қасиеттеріне,
оқушылардың ерекшеліктеріне, олардың жалпы көңіл-күйіне, сыныптағы психологиялық
ақуалға көңіл бөлу керек. Бір технологияны қолданған әр түрлі педагогтардың жеткен
нәтижесі де әртүрлі болады, бірақ осы технология көрсететін орташа көрсеткішке жақын
болады.
Яғни,
педагогикалық
технология
жеке
тұлғаның
қасиеттерімен
орташаланады,бірақ онымен анықталмайды.
«Педагогикалық технология» деген түсінік «оқыту әдісінен» кеңірек.
Технология- оқыту мақсатына осы жүйенің меңгерілуне қалай жету керек деген
сұраққа жауап береді.Технология – алдын ала жоспарланған жүйені жүйелі іске асыруға
бағытталған іс-әрекеттердің барысы және оның нәтижесіндегі көрсеткіші.
Педагогикалық технологияны жоспарлау педагогикалық технологияның нақты
шарттарын таңдау болып табылады.
Ол тұлғаның жеке ерекшеліктерін зерттеуді және оқушылардың жас
ерекшеліктеріне сәйкес келетін іс-қимылды, сондай-ақ олардың дайындығының
шарттарын таңдауды талап етеді.
Апта 2
Тақырыбы: Педагогикалық технологиялардың жіктелуі және негізгі әдістемелік
принциптер.
Жаңа кезеңге бет бұру оңай емес. Ол үшін болашақ ұрпағын тәрбиелеу рухани
жан-дүниесі бай, халқын сүйген, ата-баба жерін қадірлейтін ұрпақ - болашақ тірегі бола
алады.
XXI ғасыр білімділер ғасыры болмақ. Білімділерді ойлап тербетер, баптап өсірер
тәрбие керек. Ұрпақ тәрбиесі - ел алдыңдагы маңызы зор міндет.
Еліміздің, қоғамның эқаномикалық, саяси, мәдени дамуына үлес қосатын, әлемдік
иновацияға көтерілетін білімді де, мәдениетті, парасатты, денсаулығы мықты азамат
тәрбиелеп шығару – мектептің, ұстаздар қауымының бүгінгі таңдағы баға жетпес
міндеті.
Адам ұрпағымен мың жасайды дегендей, ұрпақ тәрбиесі қай кезде де халықтык
мәселе болған.
Тарихтан білетініміз: дарындылар, қабілеттілер аса жоғары бағаланған, сондықтан
қазіргі мектеп мұғалімдері алдыңда тұрған аса маңызды міндет — талабы таудай жеке
тұлғаны өсіріп шығару. Ал еш нәрсеге бейімділігі жоқ қабілеті жоқ адамның
болмайтыны педагогикада дәлелденген.
Оқушы талантын тауып, дарынын дамытар жұмысты кіші жастан жүргізу
керектігі айдай анық.
Жеке тұлға қалыптастыруда әр оқушының кабілетін танып, біліп, дамытып,
шыңдап, жол сілтеп адам дәрежесін көтеру керек және жаңашыл жұмысқа бет бұру
керек, ол үшін ұлттық мәдениетті көтеру, ұлттық педагогиканы, халық мұрасын
пайдалану арқылы намысты, имандылық пен ізгілікті, жат іс-әрекеттерге сын көзбен
қарап, өз бағасын бере білетін, рухани байлықты қастерлейтін, өз
ошағын, Отанын
қорғай білетін азамат тәрбиелеу.
Сол үшін ұлттық мектебімізде жаңа білім беруде жаңаша әдіс-тәсілмен
жүргізуіміз керек. Бірақ, мектептің түрін өзгерткеннен (гимназия, лицейт.б.) ойлаған
мақсатқа жете алмаймыз.
Ондағы оқыту мазмұны, білім беру технологиясы баланың талантына, дарынына,
талап-тілегіне қарай ұлттық тәрбие, салт-дәстүр, бабалар тарихын негізге ала отырып,
жеке тұлға қалыптастыруға бағытталу керек.
Қазіргі таңда псдагогика теориясына елеулі өзгерістер еніп, білім беру мазмұны
жақсарып, жаңа көзқарастар пайда болып, білім беру құрылымында жаңа технологиялар
өмірге келуде.
Оқытудың жаңа технологияларын алдымен жете меңгерген, онан соң оны оқу
мазмұнына балалардың жас және психологиялық ерскшеліктеріне қарай пайдаланудың
маңызы зор. Педагогикалық технология ұғыми іс-тәжірибемізде жиірек қолданылып,
практикаға енуде.
Ал «технология» түсіндірмесін сөздікте қандай да болсын істегі, шеберліктегі,
өнердегі амадардың жиынтығы, ал педагогикалык технология — педагогикалык
мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданылатын барлық қисынды ілім амалдары мен
әдіснамалық құралдарының жүйелі жиынтығы және жұмыс істеу реті — деп В.Кларин
айтып өткендей, педагогикалық технология тәжірибеде жүзеге асатын педагогикалық
жүйенің жобасы.
Ал педагогикалық жүйе дара тұлғаны қалыптастыруға бағытталған, белгілі-бір
мақсатқа жету жолындағы арнайы педагогикалық ықпалды ұйымдастыруға қажеттті
өзара байланысқан әдістер құралдарының жиынтығы.
Олай болса, дәл қазір бізге осы педагогикалық технологияны дамыту приктикада
пайдалану. Педагогикалық технологияның негізі - саралап оқыту. Бұл бойынша
оқушы
білімді менгеру деңгейін төртке бөлуге болады. Бірінші төменгі деңгей - міндетті деңгей,
қалғаны оқушы қабілетіне қарай игеріледі.
Сонда міндетті деңгейді мемлекеттік өлшем ретінде алсақ, білім берудің
шығармашылық сипаты қалыптасады. Былайша айтқанда, педагогикалық технология -
оқушының
шығармашылықпен
терең
ойластырылған
көптеген
факторлардың
үйлесімділігі, оқыту мен тәрбиелік тиімділігін қамтамасыз ететін жанды құрамдас бөлігі.
Мектептің ескі құрылысы мен білімнін жаңа мазмұнының арасындағы қарама-
қайшылықты жою үшін жүйелі түрде саралап, білім берудің түпкі мақсаты өмірдің сан
тараулы дамуын меңгеретін адамға табиғи мүмкіндігі негізінде дамыта тәрбиелеу.
Кез-келген елдің экономикалық қуат, халқының өмір сүру деңгейінің
жоғарылығы,
дүниежүзілік
қауымдастықтағы
орны
мен
салмағы
сол
елдің
технологиялық даму деңгейімен анықталмақ.
Жалпы қоғам дамуы мен жаңа технологияны енгізу сапалығы осы елдегі білім
беру ісінің жолға қойылғандығы мен осы саланы ақпараттандыру деңгейіне келіп
тіреледі.
Экономикалық жағынан дамыған елдердің тәжірибесі экономика, ғылым мен
мәдениеттің қарқынды дамуының негізгі кілті екендігін көрсетіп отыр, ендеше қазіргі
заманның ақпараттық технологиясын меңгеру міндетіміз.
Оқыту технологиясы - бұл оқытудың тиіміділігін арттыру мақсаты мен білім беру
үрдісін зерттеу негізінде оқу үрдісін жүзеге асыру және бағалау, бағдарламалаудың
жүйелі тәсілі. Оқыту технологиясы педагогикалық әдістерге негізделген.
1960 жылдарда шетел зерттеушілері «педагогикалық технология» терминін енгізді.
«Педагогикалық технология» дегеніміз - тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі-бір
педагогикалық жүйенің жобасы, ал педагогикалық жағдайларға сай қолданылатын әдіс-
тәсілдер оның құрамды бөлігі ғана.
Педагогикалық технология - оқыту үрдісін жобалау, ұйымдастыру формасымен
анықталады.
Педагогикалық технологияның өзіндік ерекшеліктері - қойылған мақсатқа жету
мүмкіндігіне кепілдік беретін оқыту үрдісін құрастыру және оны жүзеге асыру.
Оқытылатын пән мазмұны, мұғалім мен оқушының өзара байланыс іс-әрекеті,
оқушының ішкі даму үрдісі негізінде анықталған нақты мақсат қана педагогикалық
технология құрылымын түсіну кілті бола алады.
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы барысында орта білім
берудің жүйелі реформалану қоғамдық тұрғыдан үлкен маңызға ие. Білім беруді
реформалауды жүзеге асырудың және бір маңызды сипаты қазіргі уақыттағы оқыту
үрдісін технологияландырудың қажеттілігінен туып отыр.
Осыған орай, соңғы кезде оқытудың әр түрлі педагогикалық технологиялары
жасальнып, мектеп өміріне енгізілуде. Олар: С.Н.Лысенкова алдына ала оқьггу,
Шаталовтың интенсивті оқыту (тірек сигналдарын пайдалану арқылы), Эрдниевтің ірі
блоктан оқыту, мәселелік оқытудың белсенді әдісі, т.б.
Ал соңғы жылдары оқытудың модульдік технологиясымен В.М. Монаховтың,
Дьяченконың оқытудың ұжымдық тәсілі сондай-ақ, профессор Ж.Қараевтың окытуды
дербестендіру мен ізгілендіру ұстанымдарына негізделген жаңа педагогикалық
компьютерлік технологиясын еліміздің көптеген мемлекеттерінде қолданып жүр.
Мектептерде жүргізіліп жатқан қазіргі тәжірибелік-сынақ жұмыстардың басты
міндеті жаңаша оқытудың педагогикалық технологиясын оқыту үрдісіне енгізу болъп
табылады.
Мәселен, Л.В.Занков, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдовтың бірлесе жасаған «Дамыта
оқыту жүйесі» бір-бірімен тығыз байланысты мынадай ұстанымдардан құралады:
Жоғары деңгейдегі қиындықта оқыту.
Теориялық білімнің жетекші рөлі.
Оқу материалын жеделдете оқыту.
Оқу үрдісін оқушының сезінуі.
Барлық оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу
Л.В.Занковтың оқыту жүйесінде оқушы өзін емін-еркін сезінеді, оның әлеуметтік
мүмкіндігі мен дербестігінің дамуына жағдай жасалады. Осы жүйеде оқушы мен
мұғалімнің арасындағы жаңаша қарым-қатынастың іргесі қаланады.
Мұғалім
түсіндіруші,
оқыту
тұрғысында
емес,
оқушының
оқу
әрекетін
ұйымдастырушы, бағыттаушы ретінде көрінеді.
Д.Б.Элъконин мен В.В.Давыдовтың зерттеулері оқу әрекеті және оның субъектісін
қалыптастыруға бағытталған. Оның құрылымы төмендегідей: оқу-танымдық мотивтер,
оқу тапсырмалары, оқу амалдары, оқу операциялары.
Педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің міндеті жан-жақты дамыған
жеке тұлғаны қалыптастыру болғандықтан, жаңа технология бойынша әдістемелік
жүйенің басты бөлігі оқыту мақсаты болып қалады.
Сондықтан, танымдық іс-әрекеті белгілі-бір дәрежеде белсендірілуі қажет. Бұл
әдістемелік жүйенің басқа бөліктерінің де (мазмұны, әдіс, оқыту түрі мен
құралдарының) өзара байланысы қалпында өзгертілуін талап етіп, орындалуы үшін
төмендегі ұстанымдар жүзеге асыруы тиіс:
Оқушылардың өзіндік ізденіс іс-әрекеттерінің әдістерін меңгеру талап етіледі.
Өйткені бұл әдістердің күнделікті пайдаланылып жүрген оқыту әдістерінен
айырмашылық бар. Яғни, жаңа жағдайдағы «Оқыту әдістемесі» деп отырғанымыз
«оқушы - мұғалім» ұстанымының өзара тығыз байланыстылығы.
Демек, мұнда бірінші орында оқушы тұрады және оның өз бетімен білім алудағы
белсенділігіне баса назар аударылады. Жаңаша оқытудың негізгі түрлері: оқытудың
дербес және топтық түрлері болып табылады.
Бұл жерде алға қойылатын басты мақсат - оқушыға деген сенім, оның өз ісіне
жауап беру мүмкіндігіне сүйеніп беделі мен қадір-қасиет сезімін дамыту. Ал оқытудың
фронталды түрі, көбінесе, бағыт беру, талқылау және түзету енгізуде ғана
пайдаланылады.
Жаңа технологияның мақсаты бойынша «оқытуды ізгілендіру» қажет. Бұл үшін оқу
құралдары оқушының өздігінен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай болуы керек.
Әрбір педагогикалық технология жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға, оның өзіндік және
шығармашылық
қабілетін
арттыруға,
қажетті
іскерліктері
мен
дағдыларын
қалыптастыруға және өзін-өзі дамытуда қолайлы жағдай жасауға қажетті объективті
әдістемелік мүмкіндіктерін қамтиды.
Қазіргі кезеңде қолданылып жүрген жаңа педагогикалық технологияның негізіне
жататындар - әрбір оқушының жеке және дара ерекшеліктерін ескеру; оқушылардың
қабілеттері мен шығармашылығын арттыру; оқушлардың өз бетішпе жұмыс істеу, іздену
дағдыларын қалыптастыру.
Жаңа педагогикалық технология : ынтымақтастық педагогикасы, білім беруді
ізгілендіру технологиясы, проблемалы оқыту технологиясы, тірек сигналдары арқылы
оқыту технологиясы, түсіндіру басқарып оқыту технологиясы, деңгейлік саралап оқыту
технологиясы, міндетті нәтижеге негізделген деңгейлеп саралап оқыту технологиясы,
модельдік оқыту технологиясы, жобалап оқыту технологиясы.
Ынтымақтастық педагогикасының негізгі мақсаты - талап ету педагогикасынан
қарым-қатынас педагогикасына көшу, балаға ізгілік тұрғысьнан қарау, оқыту мен
тәрбиелеудің ажырамас бірлігі.Ынтымақгастық педагогикасының ерекшелігі -
мұғалім-оқушы, оқушы-мұғалім, оқушы-оқушы, оқушы да субъект, мұғалім де
субъект.
Оқушының жеке басына ізгілік қарым-қатынас, ал оқушы мен мұғалімнің
арасындағы өзара түсінушілік, ынтымақтастық қарым-қатынас.
Білім беруді ізгілендіру технологиясының негізін қалаған Ш.А.Амонашвили. Білім
беруді ізгілендіру технологиясының мақсаты - баланы азамат етіп тәрбиелеу, баланың
танымдық күшін қалыптастыру және дамыту, баланың жаны мен жүрегіне жылылық
ұялату.
Проблемалы оқыту технологиясының негізгі мақсаты - оқушыны өз бетімен
ізденуге үйрету, олардың танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамыту.
Проблемалы оқыту технологиясының ерекшелігі де оқушының белсенділігін
арттыру және оқу материалдарын баланы қызықтыратындай құпиясы бар мәнге жеткізу.
Себебі, оқушы материалдарды сезім мүшелері арқылы қабылдап қана қоймайды,
білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгереді.Тірек белгілері арқылы
оқыту технологиясының негізін қалаған В.Ф.Шаталов тірек белгілері арқылы оқыту
технологиясының мынадай мақсаттарын - білім, білік, дағдыны қалыптастыру; барлық
баланы оқыту; оқытуды жеделдету.
Тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясының ерекшеліктері - үнемі қайталау,
міндетті кезеңдік бақылау, жоғары деңгейдегі қиыншылық, ірі блокпен оқыту, тіректі
қолдану; жеке бағдарлы қарым-қатынас ықпал; ізгілік, еркімен оқыту.
Әр оқушының жобасының жариялылығы түзетуге, өсуге, табысқа жетуге жағдай
жасау, оқыту мен тәрбиенің бірлігі.
Түсіндіре басқарып оза отырып оқыту технологиясының авторы жаңашыл
мұғалімдердің бірі С.Н.Лысенкова. Бұл технологияның негізгі мақсаты - барлық баланы
табысты оқыту. Түсіндіре басқарып оза отырып оқыту технологиясы төмендегідей
ерекшеліктерімен сипатталады:
- оқыту материалдарының бірізділігі, жүйелілігі;
- саралау, әр оқушыға берілетін тапсырманың қолайлылығы;
- бағдарламаның, кейбір тақырыптардың қиыншылығын жеңу, қиын тақырыптарды
біртіндете оңайлату әдісін - оза оқыту әдісін қолдану;
- сабақты пысықтауға әуелі озаттар, сосын орташалар, ең соңында нашар оқушылар
қатыстырылады;
- бірте-бірте толық дербестілікке өту;
- сыныпта қалыпты жағдай қалыптастыру; түсінетін, өзара көмек, ынтымақтастық
қарым-қатынас;
- оқушының қателігін ескерту, бірақ еш жазғырмау;
- үй тапсырмасы тек әр оқушының мүмкіндігіне қарай (әркім өзі орындай алатын
жағдайда ғана) беріледі;
- білім, білік, дағдыны дамыта меңгеру;
- түсіндіруді қабылдау.
Деңгейлік саралап оқыту технологиясының негізіне әр оқушыны оның қабілеті
мен мүмкіндік деңгейіне қарап оқыту мен оқытуды оқушылардың әртүрлі топтардың
ерекшелігіне сәйкес бейімдеу, ыңғайлау жатады.
Деңгейлік саралап оқыту технологиясының ерекшеліктерін атап айтар болсақ,
күштілер өздерінің қабілеті мен икемділігін одан әрі бекіте түседі де, ал әлсіздер өзін-өзі
сьнап қарауға мүмкіндік алып, өзіне сенімсіздіктен арылады; әлсіз топтарда оқуға деген
ынта артады; білім дәрежесі деңгейлес оқу топтарында аздап жеңілдейді.
Міндетті нәтижелерге негізделген деңгейлік саралап оқыту технологиясы мынадай
ерекшеліктерімен - білімнің базалық деңгейінің барлық оқушылар үшін міндеттілігі,
оқушыларға берілген тапсырманың саралануы, тапсырма оқушының күші жететіндей
және қолайлы болуы шарт, білімнің базалық деңгейі оқытудың жаңа технологиясының
механизмі ретінде оқушының бірте-бірте өрістей дамуына мүмкіншілік жасау тиіс,
оқушыға оқу деңгейін таңдауға ерік беру, оқушы өз мүмкіндігіне орай тек міндетті
деңгейден кем емес білім алуға еріктілігімен сипатталады.
Модельдік технология дамыта оқыту идеясына негізделген оның мақсаты - оқушының
өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін дамыту, оқу материалын өңдеудің жекелеген
тәсілдері арқылы жұмыс істеуге үйрету.
Модельдік оқытудың өзегі - оқу моделі. Оқу моделі - ақпараттардың аяқталған
блогынан, бағдарламаны іскер мұғалімнің нұсқауларынан, оқушы іс-әрекетінің мақсатты
бағдарламасынан тұрады.
Модульдік оқыту - білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істей
алу мүмкіндігі, оқудың әдісі мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз
етеді.
Қазіргі таңдағы педагогика ғьлымының бір ерекшелігі - баланың тұлғалық дамуына
бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы.
Ал жаңа педагогикалық технологиялар білімнің басымды мақсаттарымен
біріктірілген пәндер мен әдістемелердің, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың өзара
ортақ тұжырымдамасымен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен
әдістерінің күрделі және ашық
жүйелері жиынтығын қорғайды.
Оқыту технологиясын жетілдірудің педагогикалық бағыты негізгі ой-тұжырымдары
бұрынғы меңгергендерді пайдалана отырып, ақыл-ойды дамытатын оқуға көшу,
оқушыға орташа деңгейде білім беретін бағдарламадан жекелеп, саралап оқыту
бағдарламасына өту болып табылады.
Жаңа технологияның принциптері - оқытуды ізгілендіру, өздігінен дамитын, дұрыс
шешім қабылдай алатын, өзін-өзі жетілдіріп тәрбиелеуші тұлға қалыптастыру болып
табылады.
Мұғалімдердің
оқыту
технологияларын
меңгеруде
педагогикалық
кеңестер,
әдістемелік бірлестіктер, олардың зерттеушілік жұмыстары, шығармашылық іс-әрекеттері
пайдаланылады.
Оқытудың жаңа технологиялары мұғалімнің алдына төмендегідей міндеттерді қояды:
- педагогикалық қызметтің өзекті мәселесін білу;
-оқу бағдарламасының түрлендірген нұсқауларын кұрастыру;
-оқу модулін құрастыру;
- оқу жобаларының мазмұнын анықтау, әр оқушыға арналған тапсырмалар
құрастыру;
- оқушылардың жаңа материаларды меңгеруі бойынша деңгейленген жаттығулар
жүйесін жасау;
- оқу-әрекеттерінің материалдарьн іріктеп ала білу.
Осы аталған оқыту міндеттерін мұғалім меңгеруі үшін, ұстаздар қауымымен
төмендегідей педагогикалық жұмыстар жүйесі жүргізілуі керек:
а) проблемалық-рөлдік ойьн;
б) рефлексивті-рөлдік ойын;
в) панорамалық сабақгар;
г) педагогикалық ринг;
д) педагогикалық идеялар аукционы;
е) ашық сабақгарға кіру, талдау және т.б.
Барлық жаңа технологияның алдымен қоятын мақсаты - оқушының жеке басының
дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өзбетінше ізденуін арттырып,
шығармашылықтарын қалыптастыру.
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын
меңгермейінше сауатты, жан-жақты білгір маман болу мүмкін емес.
Жаңа педагогикалық технологияны меңгеру мұғалімнің зейін-зерделік, кәсіптік,
адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген ұстаздық келбетінің
қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін жүйелі
ұйымдастыруына көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |