7. Тұрғын толқындардың тууы. Суға лақтырылған тастың түскен жерінде пайда болады. Тас түскен жердегі су ығысады да, ол жерде ойыс пайда болады. Ойыс төңірегінде ығысқан су дөңгелек сақина пішінді өркеш түзеді. Бұл өркеш сол мезетте-ақ жан-жағына қарай кеңейе отырып, тастың түскен жерінен алыстай бастайды. Біріншіден кейін екінші, содан соң үшінші, т.с.с. өркештер пайда болады. Өркештер бір-бірінен ойыстармен бөлшеді. Бұл процесс толқындық қозғалыс болып табылады. Мұндағы ең маңызды анықтап алатын жай — судың толқынмен бірге ығыспайтыны. Егер сол толқын бетіне суда қалқып жүретін кез келген денені (қалтқы, ойыншық қайық, тал қабығы, т. б.) тастасақ, онда олардың жағалауға жақындамайтынын, тек сол толқынның еркештеріне келгенде көтеріліп, ойыстарына келгенде төмен түсіп, тербеліп қана тұратынын байқауға болады.
8. Тұрғын толқын теңдеуі және оны талдау. Бір-біріне қарама-қарсы жүгіретін монохроматты толқындар да интерференцияға түседі, бірақ мұнда қорытынды тербелістер кеңістікте жүгірмейді – энергияны тасымайтын бір орындарда тербелетін – тұрғын толқындар қоздырады. ОХ-осі бағытында оңға қарай қозғалатын жазық синусоидалық толқын тарасын, оның теңдеуі:
, ал оған қарама-қарсы жүгіретін толқын үшін: .
9.Толқын кедергісі. Толқын кедергісі – электромагниттік толқын шағылыспай біркелкі сызық бойымен таралатын кезде кездесетін кедергі.
1. Дыбыс тарайтын орта тығыздықтың дыбыс жылдамдығына көбейтіндісі. Электродинамикада кеңістіктің толқындық кедергісі сол ортада тарайтын электромагниттік толқынның электр және магнит өрістері кернеулерінің амплитудаларының қатынасына тең. Беру желісінің толқындық кедергісі сол желінің кез келген нүктесіндегі кернеудің ток күшіне қатынасына тең. Екі сымды фидердің толқындық кедергісі: р = 276/√( ξ )*(lg2a/d). Мұндағы толқындық кедергі, а — екі сымның арақашықтығы, d — сымның диаметрі. Радиотаратқыштың шығыстық кедергісі мен фидердің толқындық кедергісі арасында үйлесімдіктің болмауы пайдасыз энергия шығынына апарып соғады.
2. Активті кедергіден және реактивтік кедергіден (индуктивтіктер мен сыйымдылықтар әрекеті тоққа қарсы бағытталған) тұратын электрондық тертполюстіктік толық кедергі.
3. Электромагниттік толқын біртекті жолдың бойымен шағылмай таралғанда кездесетін кедергі толқындық кедергі немесе импеданс деп аталады. Электр және магнит өрістерінің келденең қүраушы векторларының қатынасына тең. Өткізгіштер мен оқшаулағыштардың заты мен құрамына, сондай-ақ экранның сипаттамасына тәуелді. Оммен өлшенеді. Жолдың толқындық кедергісі жүктеме кедергісіне тең болса, "қума толқын" режімі орнайды.