Физика кафедрасы


Практикалық сабақтың тақырыбы №5



бет13/43
Дата31.08.2022
өлшемі145,11 Kb.
#38326
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   43
Практикалық сабақтың тақырыбы №5
Физикада зерттеулердің этикалық аспектілері


Практикалық сабақтың мақсаты мен міндеттері: Зерттеулердің этикалық аспектілеріне нелер жататындығын анықтау,зерттеу этикасымен танысу.


Практикалық сабақтың мазмұны:
Зерттеу жүргізудегі негізгі зерттеудің әдеп қағидалары қандай?
Зерттеу жүргізудің әдеп қағидаларын негізгі екіге топтастыруға болады: кәсіби қызметтегі шыншылдық, ашықтық және адалдық стандарттары мен қатысушылар мен серіктестердің абыройы, түрлілігі және құқықтарына деген құрмет.
Бұл қағидаларды тәжрибеде қалай қолдана аламыз?
Келісілген әдеп кодексімен танысу арқылы. Ззерттеп жатқан кез келген зерттеушінің әрекеттері әлем тәжірибесіне сәйкес зерттеу жүргізу әдеп қағидаларына сай болуы шарт.
Зерттеушілердің арасында этикалық сезімталдық, бейімділік және зияткерлікті дамыту арқылы. Кез келген этикалық кодекс зерттеу нәтижелерін интепретациялау үшін этикалық сезімталдық пен зияткерлікті талап етеді. Бұл өз кезегінде ұйым немесе мекеменің мәдениетіне айналуы тиіс.
Ұйым немесе мекеменің мәдениетін дамыту дегеніміз өз әрекеттерінде әдеп қағидаларын қолдана отырып оларды қалыптасқан және жаңа зерттеушілер арасында дамыту.
Зерттеудегі құпиялылықтың рөлі қаншалықты маңызды?
Қатысушыларға зерттеудің құпия немес ашық екендігі туралы, зерттеу деректерін қолдануға кімнің рұқсаты бар туралы және құпиялылықтың кез келген мүмкін шектеулері туралы қатысушылар алдын ала хабардар болуы тиіс.
Деректер қалай жасырылу керек?
Құпиялылық келісілгеннен кейін құпия ақпаратты сақтауға жауапты адам ақпаратты қорғау туралы заңға сәйкес белгілі уақытқа дейін ақпаратты сақтап оны өшіруі тиіс. Деректертер жинау барысында жазылған адам есімдері өшіріліп тасталуы қажет. Зерттеуге қатысушылардың аты-жөндері өздерінің рұқсаттарын бермейінше мақалаларда, лекцияларда, вебсайттарда немесе т.б. материалдар мен ақпарат көздерінде аталмауы тиіс.
Зерттеу жүргізуге рұқсатты қалай алуға болады?
Зерттеушілер мектепте зерттеу жүргізу алдында мектеп директорынан рұқсат алып, Зерттеу департаментін зерттеу туралы хабардар етуі тиіс. Action research жүргізу үшін Зерттеу департаментінің хабардар болуы шарт емес, алайда Зерттеу департаменті кез келген зерттеуге байланысты көмек көрсетуге дайын.
Егер зерттеу бір мектептен көп жерде жүргізілсе зерттеу жүргізу үшін рұқсатты ұйым басқармасы тарапынан Зерттеу департаменті арқылы алуға болады, research@nis.edu.kz.
Зерттеушілер белгілі бір сыныпта зерттеу жүргізу үшін міндетті түрде мұғалімнен рұқсат сұрауы шарт, және сыныптағы оқу процессі әрдайым бірінші орында екендігін туралы зерттеушілер естен шығармауы қажет.
Зерттеуге қатысушылардан ақпараттандырылған келісім алуым қажет пе?
Ия. Зерттеу жүргізу әдебінің аса маңызды бөлігі бұл ақпараттандырылған келісім болып табылады. Ақпараттандырылған келісім дегеніміз – зерттеуге қатысушыға жүргізілгелі тұрған зерттеу туралы толық ақпаратты (зерттеу тақырыбы, мақсаты, әдіснамасы, зерттеуге кететін уақыты, зерттеудің кез келген мүмкін салдары туралы мен зерттеу нәтижелері қалай қолданатығы туралы ақпарат) бере отырып зерттеуге қатысуға рұқсат құжаты.
Зерттеуге қатысатын обьектілерден ақпараттандырылған келісім алуым қажет пе?
Кез келген зерттеуші зерттеу жүргізу алдында ақпараттандырылған келісім алуы қажет. Жалпы ата аналардан рұқсат алудың екі түрі бар: ата-аналарға келісім жіберген кезде олар өзінің келісімін хатқа жауап беру арқылы білідіреді.
Қызметкерлерімен зерттеу жүргізу үшін келісім қалай алынады?
Егер зерттеуге мұғалімдер, мектеп директорлары немесе білім беруге қатысты қызметкерлер қатысатын болса олар да ақпараттандырылған келісім алуы шарт.
Анонимді көпшілікке арналған сауалнама жүргізген жағдайда келесімді қалай алуға болады?
Анонимді сауаланама жүрзілген жағдайда, зерттеуге қатысушыларға сауалнама басында зерттеу жүргізілгелі тұрған зерттеу тақырыбы, мақсаты, зерттеуге кететін уақыты туралы ақпарат бере отырып зерттеуге қатысуға не қатыспауға рұқсат алу сұрағы болуы тиіс. Бұл өз кезегінде ақпараттандырылған келісім орнын алмастырады.
Зерттеуші зерттеу барысында мүмкін қылмыстық әрекет туралы білген немесе қауіпті байқаған жағдайда бұл туралы дереу мектеп директорына немесе құзырлы органдарға хабарласуы қажет.
Әдеп талаптарына сай зерттеу жүргізу туралы көбірек ақпаратты қайдан алуға болады?
Барлық зерттеу жұмыстары Зерттеу жүргізу Тұжырымдамасына сәйкес жүргізіледі. Британдық және Американдық білім беру саласындағы зерттеу қауымдастықтарының әдеп талаптарын Қазақстан жағдайында мемлекеттің ерекшеліктерін ескермей тікелей қолдануға болмайды. Оларды халықаралық стандарттар жағдайына сәйкес болып жасалғандықтан, оларды тек халықаралық журналдарға мақала шығарғалы жатырған болсаңыз ғана пайдалануға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет