Практикалық сабақтың мақсаты мен міндеттері: Зерттеу әдістерін таңдау және мәліметтер жинау туралы ақпарат беру.
Практикалық сабақтың мазмұны: Ақпаратты зерттеудің әдістері:
Сауалнама (жазбаша-анкета, ауызша-сұхбат);
Бақылау (стандартталған және стандартталмаған);
Эксперттік сұрақтар;
Лабораториялық эксперимент;
Құжаттарды талдау (18түрі бар. Оның ең күрделісі - контент-анализ);
Социометриялық әдіс (негізін салушы Джордж Морено).
Эмперикалық әдістерді жинау: І.
Басқа өлшемдерді қолданып, мысалы мәліметті жинау тәсілі жағынан зерттеу төрт түрге бөлінеді: сұрақ қою, бақылау, құжаттарды талдау, тәжірибені жасау.(анкета, интервью,сауалнама беру). Құжат мәтінде, таспада, дискіде берілген ақпаратты сақтау жіне беру үшін жасалған зат. Бақылау (ең маңыздысы) – кандай да бір элементтің өту кезінде болатын системалық, бағытталған фиксациясы. Сұрау жүргізу тәсілі әлеу.у зерттеуінің кең тараған түрі.(Ол арқылы 80-90% бастапқы деректерді жинайды). Сұрақ қою екі жолмен өткізіледі: сауалнама жүргізу мен сұхбат өткізу түрінде. Олардың негізінде сұралатын адамға қойылатын сұрақтардың жиынтығы жатады. Осы сұрақтарға берілген жауаптарды бастапқы мәлімет, ақпарат деп түсінуіміз абзал.сенімді ақпаратты жинау үшін сауалнаманы құрудың бірқатар ережелері мен қағидаларын ұстану қажет. Сауалнаманың сұрақтары үш топты құрады. І. Мазмұны бойынша адамьарлың санасы, жүріс тұрысы жөнінде және респонденттің өзі туралы өмір баяндық мағлұматтар. ІІ. Нысаны бойынша сұрақтар ашық, жабық, тік, жанама болып бөлінеді. ІІІ. Атқаратын қызмеиі бойынша екі топтамаға: сұрақтар негізгі және негізгі емес болып бөлінеді.
Мәліметтерді өңдеу келесі сатылардан тұарды:
І. Ақпаратты сарапиау және кодтау. Бұл қадамның мақсаты – әлеу.к зерттеу барысында алынған ақпартты унификациялау мен формализациялау;
ІІ. Айнымалыларды жасау. Анкеталар негізінде жиналған ақпарат зерттеу барысында шешілуге тиіс сұрақтарға жауап береді, өйткені операциялау процесінде сұрақтар индикаторлар формасына ие болды. Ендігі кері процедуарны жүргізу қажет, яғни мәліметтерді зерттеулер сұрағына жауп бере алатын фомаға келтіру қажет.
ІІІ. Статистикалық анализ – әлеу.к мәліметтерді анализдеу процесіндегі кілтті қадам. Оның барысында әлеу.у мамандарына жалпылаулар мен қорытындылар жасауына мүмкіндік беретін тәуелділіктер мен заңдылықтар анықталады.
Мәліметтерді өңдеу мен анализдеу кезінде ранжирлеу, шкалалау, корреляция және т.б әдістерді қолданылады. Ранжирлеу – зерттелетін обьектілерді оларды тәртіптеу негізінде қатыстық мәнділігін қалыптастыру процедурасы. Ранк дегеніміз – топтағы бағаланатын обьектіміз, баға үшін маңызды қасиеттерге ие басқа да обьектілердің реттік орнын сипаттайтын көрсеткіш.