Социологиялық зерттеу жоспарының құрылымдық компоненттері бұл оның кезеңдері және түрі мен формасы бойынша әртүрлі ғылыми зерттеулік және ұйымдастыру техникалық процедуралар мен операциялар болып табылады. Бұлардың бәрі жоспардың 4 блогында құрылымданады.
Бірінші блок. Зерттеудің инструментарий мен бағдарламасы бекітіледі және талқыланады; алғашқы социологиялық ақпаратты жинау тобын құрастыру мен дайындау; сыналатын зерттеу жүргізу; сыналатын зерттеу қорытындылары бойынша бағдарламаға түзетулер енгізу; инструментарийды көбейту; смета дайындау және зерттеу шығынын есптеу.
Екінші блок. Зерттеуді жүргізу, социологиялық ақпаратты жинақтау. Сұраудың уақыты мен орны құрастырылады, социологиялық зерттеудің мақсаты мен міндеті жөнінде сұрастырушылардан алдын ала сұрастыру.
Үшінші блок. Алғашқы ақпаратты ЭВМда өңдеу дайындығымен байланысты операциялар жиынтығын қамтиды.
Төртінші блок. Өңделген нәтижелерді талдау, тәжірибелік ұсыныстарды құрастыру мен есеп дайындау.
Зерттеудің жалпы бағыты тұжырымдалған гипотезалармен белгілену керек. Гипотеза – бұл ғылыми ұсыныс,қандайда бір фактілерді,құбылыс пен үрдістерді түсіндіруге, оларды мойындау немесе жокка шығарудан тұрады. Ғылыми гипотеза, тек зерттеу объектісін алдын ала талдау нәтижесінде ғана тұжырымдалуы мүмкін болады. Ғылыми негізделген гипотеза бірқатар талаптарға жауап беруі керек: 1. Әлеуметтік үрдістердің ғылыми танымының теоретико-әдістемелік негіз болатын, жалпы социологиялық қағида принцептеріне сай келуі керек. 2. Әлеуметтік фактілерді түсіндіретін гипотезалар, бірқатар салада ақиқаттылығы берілген салада дәлелденген қағидаларға қарама-қайшы келмеуі керек. Бірақ жаңа қағидалар ескі қағидаларға қарама-қайшы келуі мүмкін. Гипотезаның дәйектігін өсіру үшін, келесі ережелерді жетекшілікке алу жөн: өзара байланысты гипотезалардың мүмкін біршама көп санын қоюға ұмтылу және әр гипотеза үшін мүмкін эмпирикалық көрсеткіштерді белгілеуге тырысу керек. Әлеуметтік объекті зерттеуде бейнелеу және түсіндірмелі гиоптезаларды ажыратады. Бейнелеу – бұл зерттеу объектінің құрылымдық және функционалдық байланыстары жқнінде ұсыныстар. Олар әлеуметтік объектінің классификациялық сипаттамаларына жатқызыла алады. Түсіндірмелі гипотезалар – зерттеу объектісінің себеп-салдар байланыстары жөнінде ұсыныстарды белгілейді. Маңызы мен сипаты бойынша гипотезалар негізгі және қосымша болып ажыратылады.