Физика кафедрасы



бет2/3
Дата26.10.2022
өлшемі1,98 Mb.
#45475
1   2   3
Мектеп директоры: Тунгишбаева Г.
Пән мұғалімі: Маханбетова С.
Практикант-студент: Оралбай Ж.
Алматы қаласы білім басқармасының "№ 24 лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 7 «В» сыныбына


Мінездеме

Алматы қаласы білім басқармасының "№ 24 лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 7 «В» сыныбында 28 оқушы, оның «15» қыз, «13»ұл.


Сынып оқушылары ұжым ішінде ұйымшыл, тәртіптері өте жақсы, әрбіп оқушының ұйымдастыру қабілеті бар, жоғары дәрежеде. Мектепшілік, сынып аралық іс – шаралар мен ертеңгіліктерде ұжым толық белсене араласып, әр оқушы өз қабілетіне қарай берілген жұмыстарды ұйымдастыра біледі. Сыныптан тыс уақыттағы қоғамдық жұмыстарға араласа біледі. Еңбек ету, үлкенге ілтипат, жолдастық көмек, кішіге қамқорлық көрсету дағдылары әр баланың бойында жақсы қалыптасқан.Бұндай қамқорлық сияқты жақсы қасиеттер әр уақытта барлық оқушы тарапынан көрініп отырады, жолдастық көмек көрсетуге дағдыланған.
Сыныптық дәстүрлі мерекелері: күнтізбелік мерекелер, әрбір оқушының туған күндері болып саналады. Бұл күндері барлық ұжым мүшелері ұйымшылдықпен мерекелік ертенгілік түрінде өткізеді.Мерекелік жалпы қалалық дәстүрлі жиындарға, айлық, жарыстық конкурстарға қатысып отырады.
Мектептен тыс үйірме, секция, түрлі клубтарға қатысып,танымдық қабілеттерін ұштап отырады.
Сонымен қатар сынып оқушыларының қоғамдық мүлікті ұстауы, бөлме өсімдіктерін күту, сынып тазалығына, мектеп ауласын көгалдандыру, көркейту кезеңдеріндегі жұмыстарға жауапкершілікпен қарап, ұқыптылықпен атқарады.


Мектеп директоры: Тунгишбаева Г.
Пән мұғалімі: Маханбетова С.
Практикант-студент: Оралбай Ж.
Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық
Университеті физика, математика және
цифрлық технологиялар жоғарғы мектебі
факультеті 6В01504-Физика мамандығының
2-курс студенті Оралбай Жанеркеге
педагогикалық психологиялық
Мінездеме
Оралбай Жанерке 24.01.-14.05.2022 жылы аралығында Алматы қаласы білім басқармасының "№ 24 лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде физика пәнінен іс-тәжірибеден өтті.
Жанерке сынақ кезінде мектептегі 7в, 7б, 10б сыныптарына күнтізбелік жоспарға сәйкес тұрақты сабақ берді. Өзіне жүктелген міндетке жауапкершіліпен қарап, күнделікті сабағына тиянақтылықпен дайындалып келді. Тәжірибе кезінде сабақта тек оқулық көлемімен шектеліп қалмай, қосымша көрнекіліктермен, қызықты ойындармен өткізе білді.
Сабақ жүргізуде, түсіндіруде оқушылардың география пәніне деген қызығушылығын оята білді. Сабақта әр тақырыпқа байланысты көрнекіліктер пайдаланып, тірек-сызбаны қолдануы, сыныптың сабаққа көбінің қатысуы, топпен жұмыс істеуі, уақытты бөліп үйренгенін көрсете білді.
Жанерке ашық сабағын 7в сыныбына «Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау» тақырыбында өткізді. Сабақта лездемелік сұрақтар қойып, оқушылардың логикалық ойлау қабілетерін дамытып, сабақты «адасқан обьектіні табу» арқылы бекітті. Сабақты оқушылар өте жақсы меңгерді.
Тәжірибе кезінде Жанерке өзінің оқушылармен тез тіл табыса білетінін, өзінің география пәніне күнделікті дайындықпен келетіндігін көрсете білді. Жанеркенің ашық сабағы, күнделікті сабаққа дайындығы, тәрбие сағаты жақсы деп бағаланды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет