Физика кафедрасы


Лекция №2 Күн элементтерінің сипаттамалары. Қайта жанданатын және жанданбайтын энергия көздерінің экологиялық мәселелері



бет4/76
Дата29.12.2022
өлшемі6,09 Mb.
#60139
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76
Лекция №2
Күн элементтерінің сипаттамалары. Қайта жанданатын және жанданбайтын энергия көздерінің экологиялық мәселелері.
Жоспар :

  1. Күн элементтерінің сипаттамалары.

  2. Қазақстандағы жаңғырылатын энергия көздерінің күй-жағдайлары мен болашағы. Қазақстандағы энергетикалық сектордың көрсеткіштері

Лекция мақсаты мен міндеттері: Студенттерді күн элементтерінің сипаттамаларымен, қайта жанданатын және жанданбайтын энергия көздерінің экологиялық мәселелерімен жете таныстыру.
Лекция мазмұны: ХХI ғасыр тоғысында адамзат экономика тұрғысынан алғанда, қалпына келмейтін энергия көздерінен (көмір, мұнай, газ және т.б..) энергия шығару өндірісіне ғана қатысты болмайтын күрделі мәселеге келіп тірелді. Ол табиғаттағы динамикалық тепе-теңдікті бұзатын және соған назар аударуды қажет ететін экологиялық қиындықтармен байланысты. Әрине, термоядролық реакторлардың көмегімен энергияны өндіруге үміт те бар. Бірақ қазіргі кезде бұл мүмкіндік тіпті демонстрациялық термоядролық реакторлардың жоқтығынан іс жүзінде жүзеге асуы мүмкін де емес. Сонымен қатар,термоядролық реакторлар радиобелсенді қалдықтардан толығымен тазарған жоқ. Ал осындай қалдықтарды өңдеу мен көму мәселесі толғымен шешілген жоқ. Сондықтан адамзат электр энергиясын алудың жаңғыртылатын және ресурсты сақтайтын технологияларын қолдануға мәжбүр. Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Жоғары Ассамблеясының шешіміне байланысты жаңғыртылатын (дәстүрлі емес) энергия көздеріне (ЖЭК): күннің, желдің, геотермалды, теңіз суларының, мұхиттар мен биомаңыз энергиялары және үлкен, кіші су ағындарының энергия көздері жатады. Ядролық энергетиканың қарқынды дамуын белсенді жақтаушылар да XXI ғасырдың ортасына берген өздерінің болжамдарында, жаңғыртылатын қуат көздерінің көмегімен энергияның 18-20 % өндіріледі деген пікір айтады, ал басқа бағалар бойынша [3] тіпті 40 % дейін. Көптеген зерттеулердің нәтижесі бойынша органикалық отындар 2020 жылға қарай әлемдік энергетика сұраныстарының тек ішінара ғана бөлігін қанағаттандыра алатындығы айқын. Энергия қолданудың қалған бөлігін ғалымдар ЖЭК-тің есебінен қанағаттандырылады деп санайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет