Физика кафедрасы


Шоғырландырғыш (фокустағыш, концентратор) күн қондырғылары



бет10/76
Дата29.12.2022
өлшемі6,09 Mb.
#60139
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   76
Байланысты:
БАЛАМАЛЫ ЭНЕРГИЯ кешен жаңа форма-2017 (10)

Шоғырландырғыш (фокустағыш, концентратор) күн қондырғылары
Шоғырландырғыш гелиоколлекторлардың пішіндері айна тәріздес өңделген металдан жасалған параболоцилиндр, сфералық немесе параболалық айна түрінде болып келеді. Оның жылу қабылдағыш элементі қондырғының фокусында орналасады. Жылу тасымалдағыш дене ретінде суды немесе қатпайтын сұйықты қолданады.
Фокустаушы коллекторларда қолданылатын шоғырландырғыштардың (концентраторлардың) кейбір пішіндері 7.3-суретте көрсетілген

5-сурет. Күн шоғырландырғыштарының (концентраторларының) пішіндері: а) параболоцилиндрлік концентратор; б) параболоидты концентратор; в) Френельдің жазық-сызықты линзасы
Парабола цилиндрлі шоғырландырғыш (концентратор)
Парабола цилиндрлі айналық концентратор күн сәулесін бір сызық бойына шоғырландырады, соның салдарынан, одан ондық одан да жоғары бірнеше жүздік шоғырлағыш еселігін қамтамасыз етуі мүмкін (шағылдырғыш айналардың түрлеріне сәйкес) [9, 25, 33, 36].
Параболацилиндрдің сызықтық фокусында жылу тасымалдағышы түтік-құбыр болады, ондағы сұйықтың температурасын 300-3900С дейін көтеруге болады, ысыған су жылулық аккумуляторға беріледі, одан ары қарай тұтынушыларға тасымалданады.
Параболацилиндрлі айналық концентраторды оның осі бойынша солтүстік-оңтүстікке бағдарлайды және бағдарлағыш датчиктің көмегі арқылы күнді бағдарлай қозғалады. 7.4-суретте өндірістік параболацилиндрлік шоғырландырғыш (концентратор) көрсетілген.

6-сурет. Өндірістік парабола цилиндрлік шоғырландырғыш (концентратор) 1 – күн сәулесі; 2 – жылу қабылдайтын құбыр; 3 – айна; 4 – бақылау жүйесі
Параболоид шоғырландырғыш (концентратор)– параболоид пішіндес болып келеді. Параболалық концентратор күнді бағдарлағанда екі координата бойынша басқарылады. Күн сәулесінің энергиясыпараболоид шоғырландырғышының фокусындакішігірім ауданға шоғырланады.
Айналар жуықтап алғанда оған түсетін күн энергиясының 92%-ын шағылдырады. Параболоид шоғырландырғыштыңфокусында ұстап тұрғыш (кронштейнде) жылу қабылдағыш бет (жылу өндіретін) немесе фотоэлектрлік элементтер (электр энергиясын өндіретін) бекітіледі.
7.5-сурет өндірістік параболоид тәріздес шоғырландырғыш (концентратор) көрсетілген.

7-сурет. Өндірістік параболоид тәріздес шоғырландырғыш (концентратор): 1 – күн сәулесі; 2 – жылу қабылдайтын құбыр (қазандық); 3 – айна ; 4 – бақылау жүйесі; 5 – құбыр


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет