В. К. Рентген ашқан. Ол 1895 97 ж. Рентген сәулесінің қасиеттерін зерттей отырып, алғашқы рентген түтігін жасады. Рентген сәулесінің түрлі материалдар мен адам денесінің жұмсақ ұлпаларынан өтіп кететіні байқалған



Дата29.01.2023
өлшемі57,8 Kb.
#63589
Байланысты:
Zzzzz


Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық-қазақ түрік университеті


БӨЖ
Тақырыбы: Рентген аппараттарының негізгі жалпы бөлшектері
Орындаған: Адилбеков Асадбек

Рентген сәулесі — гамма- және ультракүлгін сәулелер арасындағы диапазонды қамтитын электрмагниттік толқындар. Толқын ұз. 2 ангстремнен кіші Рентген сәулесі шартты түрде қатаң, 2 ангстремнен үлкен Рентген сәулесі жұмсақ Рентген сәулесі деп аталады. Рентген сәулесін 1895 ж. неміс физигі В.К. Рентген ашқан. Ол 1895 — 97 ж. Рентген сәулесінің қасиеттерін зерттей отырып, алғашқы рентген түтігін жасады. Рентген сәулесінің түрлі материалдар мен адам денесінің жұмсақ ұлпаларынан өтіп кететіні байқалған соң, оны медицинада кеңінен қолдана бастады. 1912 ж. Рентген сәулесінің дифракциясы ашылып, кристалдардың құрылымы периодты болатыны дәлелденді. 20 ғ-дың 20-жылдары рентгендік спектрлер материалдарға элементтік талдау жасауға, 30-жылдары заттың электрондық энергетик. құрылымын зерттеуге қолданыла бастады. Рентген сәулесі түзілу механизміне байланысты үздіксіз және сызықтық болады. Үздіксіз Рентген сәулесі зарядталған шапшаң бөлшектердің (мыс., катодтан ұшып шыққан электрондар) нысана атомдарының сыртқы электрондық қабаттармен әсерлесуі нәтижесінде, ал сызықтық Рентген сәулесі — ішкі электрондық қабаттармен әсерлесуі нәтижесінде пайда болады. Рентген сәулесінің затпен әсерлесуі кезінде Рентген сәулесі жұтылады, шашырайды немесе фотоэффект құбылысы байқалады. Заттың белгілі қабаты арқылы өткен Рентген сәулесінің бастапқы қарқындылығы І=Іoex (Мұндағы  — әлсіреу коэфф., х — заттың қалыңдығы). Әлсіреу заттың Рентген сәулесін жұтуынан не шашыратуынан болады. Спектрдің ұзын толқын аймағында Рентген сәулесінің жұтылуы, қысқа толқын аймағында — шашырауы басымырақ болады. Рентген сәулесінің жұтылу дәрежесі оның толқын ұзындығының () және элементтің реттік номерінің (Z) артуына байланысты тез өседі. Рентген сәулесінің тірі организмдерге әсері оның тіндерін (ұлпаларыниондау дәрежесіне қарай пайдалы немесе зиянды болуы мүмкін. Рентген сәулесінің жұтылуы -ға байланысты болғандықтан, оның қарқындылығы Рентген сәулесінің биол. әсерінің өлшемі бола алмайды. Рентген сәулесінің затқа тигізетін әсерінің сандық шамасын есептеумен рентгенометрия айналысады, оның өлшем бірлігі Р (рентген). Рентген сәулесі рентгендік терапия мақсаттары үшін кеңінен қолданылады. Техниканың көптеген салаларында рентгендік дефектоскопия әр түрлі ақауларды, жарықтарды, қуыстарды, пісіру жіктерін, т.б. анықтауға мүмкіндік береді. Рентген құрылымдық талдау кристалл торындағы минерал атомдарының анорган. және органик. қосылыстарының кеңістіктік орналасуын анықтайды. Рентген сәулесін қатты денелердің қасиеттерін зерттеуге қолданумен материалдар рентгенографиясы айналысады. Рентгендік спектроскопия заттардағы электрондардың күйлер тығыздығының энергия шамасы бойынша таралуын, хим. байланыстың табиғатын зерттейді, қатты денелер мен молекулалардағы иондардың эффекттік зарядын табады. Ғарыштан келетін Рентген сәулесінің көмегімен ғарыштық денелердің хим. құрамы мен ғарышта өтіп жатқан физ. процестер туралы деректер алынады (қ. Рентгендік астрономия). Рентген сәулесі, сондай-ақ тамақ өнеркәсібінде, криминалистикадаархеологияда т.б. жерлерде қолданылады

Қазіргі уақытта емдеу-сауықтыру мекемелерінде әр алуан диагностикалық аппаратуралармен қатар заманауи рентгенқондырғылар кеңінен қолданылады. Себебі диагностиканың сәулелік әдісі бүгінгі таңда адамның ішкі ағзасының патологиясын табудың кең тараған түрі.


Әдетте, рентгенқондырғы дегенде жұртшылық «кеудені айнаға түсіреді» деп айтып жүрген флюорографиялық аппарат еске түседі. Алайда «рентгенқондырғы» деген ұғым өте ауқымды. Себебі аурухана, емханаларда диагностикалық мақсатта қолданылатын компьютерлі томограф, рентгенограф, рентгеноскоп және маммограф сияқты аппараттардың бәрі рентгенқондырғыға жатады. Бұл аппараттардың бәрінде рентген сәулесін алуға қажетті рентген түтікше (трубка) бар. Рентгентүтікше дегеніміз – ішінде катод пен анод электродтары бар вакуумды шыны баллон.
Рентген сәулесі ультракүлгін сәулелену (излучение) мен гамма-сәулелену аралығындағы электромагниттік
толқынның ағыны болып есептеледі.
Біз өмір сүретін ортада радиацияның табиғи көздерінен (күн және ғарыштық сәулелену радиациялары, тау жыныстары, құрылыс материалдары, ауа, топырақ, су және т.б.) қалыптасатын табиғи радиациялық фонның да бар екенін айта кеткен жөн.
Ғылыми әдебиетке сүйенер болсақ, күнделікті өмірдегі радиобелсенді сәулеленудің шамамен 37%-ы ауа мен құрылыс материалдарындағы радиобелсенді газдан, 19%-ы топырақтың радиобелсенділігін, 14%-ы ғарыш сәулеленуінен, 17%-ы денедегі және тағамдағы радиобелсенді қосындылардан және 13%-ы медициналық процедура кезінде алатын сәулеленуден тұрады.
Дегенмен емдеу-сауықтыру мекемелерінде диагностикалық мақсатта қолданылатын рентгенаппараттардың маңызы өте зор. Атап айтқанда, осы аппараттардың көмегімен көптеген қатерлі және жұқпалы аурулар дер кезінде анықталып, диагноз қойылып, тұрғанда қажетті ем-шараларды жүзеге асыруға қол жеткізеді. Басқаны айтпағанның өзінде, туберкулез сияқты жұқпалы аурудың алдын алуда рентгенді диагностикалық флюорографиялық қондырғының алатын орны ерекше.
Дей тұрғанмен, пациент пен рентгенкабинетте еңбек ететін қызметкерлерге диагностикалық мақсаттағы және ем-дом шараларын жүзеге асыратын рентген қондырғылардың зиянды әсерін азайту мақсатында келесі сақтық шаралары сақталуы қажет.
1. Экрандаумен қорғау. 
Рентген қондырғылар пайдаланылатын бөлменің қабырғалары, төбесі және есіктері қорғасын, бетон немесе барибетон сияқты рентген сәуелесін сіңіретін қасиеттері бар материалдардан жасалуы қажет. Рентген түтікше пациент пен персоналды қорғау үшін арнайы қаптаманың ішіне салынып, дозаның деңгейі арнайы диафрагмамен реттеліп тұрады. Рентгенкабинеттердің бәрі рентген сәулесінен қорғауға қажетті қорғасыннан жасалған қорғаныш алжапқыш, жамылғы және қорғаныш жағалармен қамтамасыз етіледі.
2. Уақытпен қорғау. 
Рентгенсәуленің жүктемесін азайту мақсатында флюорография немесе рентгеноскопия процедурасы қысқа мерзім ішінде жасалуы қажет. Қарапайым тілмен айтқанда адам ағзасын қысқа уақыт ішінде суретке түсіру керек. Уақытпен қорғау – пациент пен қызметкерлерге әсер ететін рентгенсәулесі мөлшерін азайтудың ең маңызды түрі болып саналады.
3. Қашықтықпен қорғау.
Сәулелену дозасын азайту мақсатында рентген түтікшенің фокустық қашықтығын белгіленген нормативтерге сәйкестігін сақтау. Яғни фокустық қашықтық неғұрлым алшақ болса, сәулелену дозасы да соғұрлым аз болады.
«Заттың бәрі – у, заттың бәрі – дәрі. Тек доза ғана затты не у, не дәрі қылады» деп XVI ғасырдың басында өмір сүрген швейцариялық атақты дәрігер-химик Парацельс айтқандай, егер қорғанбаса рентгенқондырғылардан тарайтын сәуледен де адам денсаулығына зиян келеді. Ал сақтық шаралары қатаң және тұрақты түрде сақталатын болса, онда атаған аппараттардан қорқуға ешқандай негіз жоқ


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет