A) 28 немесе 17; B) 38 немесе 27; C) 48 немесе 37; D) 58 немесе 47;
E) 68 немесе 57.
19. Екі таңбалы санның цифрларының қосындысы 15 ке тең. Егер бұл санның цифрларының орнын ауыстырсақ, онда бастапқы берілген саннан 27-сі кем сан шығады. Осы санды табыңыз.
A) 56; B) 66; C) 76; D) 86; E) 96.
20. Қайсібір екі таңбалы санды оның цифрларының қосындысына бөлсек, онда бөлінді 8-ге, қалдық 4-ке тең болып шығады. Ал осы екі таңбалы саннан 63-ті шегерсек, онда берілген санға кері тәртіппен жазылған сан шығады. Осы екі таңбалы санды табыңыз.
A) 89; B) 91; C) 92; D) 93; E) 94.
21. Ылғалдылығы 45 % болатын 255 кг наннан ылғалдылығы 15% болатын қанша құрғақ нан алуға болады?
A) 155 кг; B) 160 кг; C) 165 кг; D) 170 кг; E) 175 кг.
22. 10 %-тік 2 литр сірке суы ерітіндісіне 8 л таза су құйылды. Қоспадағы сірке суының, пайыздық мөлшері қандай?
Достарыңызбен бөлісу: |