Алғы сөз
Жалпы білім беретін мектептің 9 сыныбында оқушыларды математикадан тестке даярлауға арналған. Мәтіндік есептер оқушының математикалық ойын ұштайды, шығармашылық ойлауын және интеллектуалдық қабілетін қалыптастырады. Бұл әдістемелік құралда сабақ өту барысында оқушының шығармашылық қасиеттері мен зерттеушілік дағдыларын қалыптастыратын мектеп бағдарламасында берілген кейбір тақырыптар, сонымен бірге мектепте математика курсында қамтылмаған қосымша тақырыптар, стандартты емес есептерді шығару тәсілдері де қарастырылған.
Әдістемелік құралда мәтіндік есептердің түрлері толық қамтылған, олар дайындалуға ыңғайлы болу үшін бірнеше тақырыптарға бөлінген. Әрбір тақырып алдында сол тақырыпқа берілген есептерді шығаруға қажетті теориялық материалдар көрсетіліп, сол арқылы қажетті нақты математикалық білімді меңгеруді, интеллекті дамытуды, математикалық іс-әрекетке тән және қоғамда толыққанды қызмет етуге қажетті ойлау сапасын қалыптастыруға мол мүмкіндіктер береді. Сонымен бірге стандартты емес есептерді шығарудың дайын тәсілдерін үйретумен қатар, өз бетінше ойланып, кез келген мәселені шығармашылық тұрғыдан шешуге ұмтылуы, ғылыми тұрғыдан қалыпты емес ойлауға баулиды. Одан кейін сол тақырыптың есептерін шешудің негізгі тәсілдері мысалдар арқылы шығарылып көрсетілген. Сонымен қатар, осы тақырыптың есептері әр түрлі деңгейде олардың дайындық дәрежесіне қарай үш топқа А,В,С бөлінген.
Әдістемелік құрал тестке өз бетінше даярлануды және білімін арттыруды мақсат еткен әрбір оқырмандарға, жоғары сынып оқушылары мен мектеп мұғалімдеріне арналған.
Мақсаты:
Оқушылардың 5-9 сыныптарда алған базалық математикалық білімдері негізінде, олардың математикалық мәдениеті мен шығармашылық қабілеттерін дамытуды жетілдіру;
Теориялық білімдерін практикалық дағдылары мен біліктерін дамыту арқылы бекіту;
Оқушыларға тест жұмыстарын орындау барысында қиындық тудыратын математикалық есептердің негізгі түрлерін анықтау және оларды шығарудағы негізгі идеялар, тәсілдер мен әдістерді дамыту;
Алынған нәтижелерді талдай отырып, білімдегі олқылықтарды жою жолдарын қарастыру;
Оқушылардың алған білімдерін қортындылау, талдау дағдыларын қалыптастыруға және дамытуға жағдай жасау.
Міндеттері:
Жетелей оқытуды іске асыру. Оқушылардың математикалық білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру, олардың пәнге қызығушылығын арттыру;
Математикалық қабілеттерін дамыту және жетілдіру;
Аналитикалық және логикалық ойлау дағдыларын дамытып, жетілдіру;
Қажетті нақты тақырыптар бойынша математикалық білімдерін тереңдетіп, толықтыру;
Жадысы мен аналитикалық ойлауды дамытуға көмектесу;
Күрделі есептерді шығарудағы қиындықтарды жеңе білуге тәрбиелеу;
Тестпен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |