Физика-математика бағытындағы Назарбаев Зиаткерлік мектебі Бейсеков Ж, Касымбекова Н. Ж



бет18/150
Дата06.01.2022
өлшемі0,79 Mb.
#14718
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   150
D) 8км/сағ, 7км/сағ; E) 9км/сағ, 8км/сағ.

41. А қаласынан В қаласына қарай велосипедші мен мотоциклші шықты. Велосипедшінің жылдамдығы мотоциклшіге қарағанда 10 км/сағ кем болғандықтан, ол барлық жолға 6 сағ артық уақыт жіберді. Егер бұл екі қаласының арасы 120 км болса, мотоциклші қандай жылдамдықпен жүрді?

A) 18км/сағ; B) 20км/сағ; C) 22км/сағ; D) 24км/сағ; E) 25км/сағ.



42. Товар поезы жолда 18 минут кідіріп қалды да, мұның есесіне келесі 60 км аралықты кестедегі жылдамдығынан сағатына 10 км артық жүріп отырды. Поездың алғашқы (кестедегі) жылдамдығы қандай еді?

A) 40км/сағ; B) 45км/сағ; C) 50км/сағ; D) 55км/сағ; E) 60км/сағ.



43. Мотоциклші А пунктінен В пунктіне жету үшін 40 км жол жүрді. Кері қайтқанда алғашқысына қарағанда 10 км/сағ кем жүріп отырып, ол жолға 20 минут артық уақыт жіберді. Мотоциклшінің алғашқы жылдамдығын табыңыз.

A) 30км/сағ; B) 35км/сағ; C) 40км/сағ; D) 45км/сағ; E) 50км/сағ.



44. Жаяу адам 12 км жолды белгілі бір уақыт ішінде жүруге тиіс еді, бірақ ол 1 сағ кешігіп шықты да, сондықтан ол тиісті жеріне мерзімінде жету үшін жылдамдығын 1км/сағ-қа арттырды. Жаяу адам қандай жылдамдықпен жүрді?

A) 4км/сағ; B) 5км/сағ; C) 6км/сағ; D) 7км/сағ; E) 8км/сағ.



45. Моторлы қайық өзен ағысымен 10 км және ағысқа қарсы 15 км жол жүрді, барлық жолға 1сағ 10мин уақыт жіберді. Егер өзен ағысының жылдамдығы 2км/сағ болса, қайықтың өзен ағысымен жүргендегі жылдамдығы қандай?

A) 18км/сағ; B) 20км/сағ; C) 22км/сағ; D) 24км/сағ; E) 26км/сағ.



46. Моторлы қайық өзен ағысымен 20 км, ал өзен ағысына қарсы 30 км жүзді де, барлық жолға 6 сағ 40 мин уақыт жіберді. Өзен ағысының жылдамдығы 3км/сағ болса, қайықтың ағынсыз судағы жылдамдығы қандай болған?

A) 6км/сағ; B) 7км/сағ; C) 8км/сағ; D) 9км/сағ; E) 10км/сағ.



47. Екі пристанның ара қашықтығы 24 км-ге тең. Бұл аралықты катер төмен қарай өзен ағысымен жүргенде, кері бағытқа қарағанда 30 мин тез жүріп өтеді. Өзен ағысының жылдамдығы 2км/сағ болса, катердің меншікті (тынық судағы) жылдамдығын табыңыз.

A) 10км/сағ; B) 12км/сағ; C) 14км/сағ; D) 16км/сағ; E) 18км/сағ.



48. Автомобиль жолда кешіккен 0,2сағ уақытын өтеу үшін, 60 км аралықты бұрынғысына қарағанда 15 км/сағ артық жылдамдықпен жүріп өтті. Автомобильдің бастапқы жылдамдығы қандай?

A) 50км/сағ; B) 55км/сағ; C) 60км/сағ; D) 65км/сағ; E) 70км/сағ.



49. Велосипедші қаладан турбазаға дейінгі 10 км жолды белгілі бір жылдамдықпен жүріп өтті. Кері қайтқанда ол жылдамдығын 5км/сағ-қа кемітті. Барлық жолға барып қайтуға ол 1сағ 10мин уақыт жіберді. Велосипедші турбазадан қалаға дейін қандай жылдамдықпен жүрді?

A) 10км/сағ; B) 12км/сағ; C) 14км/сағ; D) 15км/сағ; E) 16км/сағ.



50. Ара қашықтығы 462 км екі қаладан бір уақытта бір-біріне қарама-қарсы бағытта екі машина шықты. Біреуінің жылдамдығы 86 км/сағ, ал екіншісінікі 68 км/сағ болса, онда 2 сағаттан кейін олардың ара қашықтығы қанша болады?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет