6. Катер өзен ағысымен 75 км және ағысқа қарсы 75 км жүрді. Катер барлық жолға тынық суда 80 км жүретін уақыттан 2 есе артық жұмсады. Егер ағынның жылдамдығы 5 км/сағ болса, катердің жылдамдығы неге тең?
7. Саяхатшы 105 км жолды күніне бірдей жол жүре отырып, бірнеше күнде жүріп өтті. Егер осы саяхатына тағы 2 күнді қосып алса, ол күніне 6 км аз жүрген болар еді. Саяхат неше күнге созылды?
8. А және В қалаларынан бір мезгілде, біріне-бірі қарама-қарсы екі автомобиль шықты. В қаласына бара жатқан автомобиль 4 сағатта, ал А қаласына бара жатқан автомобиль 6 сағатта жетті. Екі машина кездескеннен кейін А-дан шыққан машина В-ға дейін қанша уақыт жүреді?