1. UNIVER жүйесінің бағдарламасынан дәріс материалын, силлабусты, "Электродинамика" пәні бойынша практикалық тапсырмаларға әдістемелік нұсқауларды жүктеп алыңыз
2.Силлабуспен толық танысу қажет. Оқытушының талаптарын, бағалау критерийлерін, аралық бақылау кестесін және пайдаланылатын ресурстарды зерттеңіз.
3.Университеттің академиялық саясаты: (http://zhubanov.edu.kz/pages/bilim/universitettin-akademiyalyk-sayasaty/universitettin-akademiyalyk-sayasaty.php)
4.Университеттің адалдық кодексі:
(http://zhubanov.edu.kz/pages/bilim/universitettin-akademiyalyk-sayasaty/akademiyalyk-adaldyk-erezhesi.php ) танысу үшін сілтемелерге өтіңіз
5. № 1-3 дәріспен танысып, сұрақтарға жауап беріңіз.
6. № 1-3 практикалық тапсырмадан практикалық жұмыс теориясын зерттеңіз, қысқаша мазмұндама жасаңыз және берілген есептерді шығарыңыз.
2
Тақырып: Төрт өлшемді жылдамдық, жылдамдықты түрлендіру
Қарастырылатын сұрақтар: Меншікті уақыт. Меншікті ұзындық пен Лоренцтік қысқару. Жылдамдықтарды қосу. Төртөлшемді векторлар. Метрикалық тензор, псевдотензорлар. Төртөлшемді жылдамдық. Эйнштейн ережесі. Төртөлшемді контравариантты вектор. Мылқау индекстер не үшін қолданылады? Тензорды орау дегеніміз не? Симметриялы жəне антисимметриялы тензорлар.