3. БАҒАЛАУ САЯСАТЫ
Сіздің қорытынды бағаңыз ағымдық бағалау (60%) және қорытынды бағалаудан тұрады (40%) (Қосымша 1).
Ағымдық бағалау
Сіздер "Univer" жүйесі арқылы модульдер бойынша оқу семестрінің басында жүктелген тақырыптарды, тапсырмаларды көре аласыздар. Әрбір модуль бойынша дәрістер, семинарларға белсенді қатысу және тапсырмалар болады. Әр модуль соңында қорытынды тапсырмалар болады. Бағалау нәтижелері «Univer» жүйесіндегі журналға енгіземіз (Модуль бойынша қорытынды тапсырма - семинар/практикалық журналына енгізіледі).
Бағалау компоненті
|
Модуль бойынша балл
|
Бағалау түрі
|
Балл үлесі
|
Ағымдық бағалау
|
1-модуль - 30
2-модуль - 30
3-модуль - 40
4-модуль - 30
5-модуль -30
6-модуль - 40
|
Дәрістерге белсенді қатысуы
|
10%
|
Семинарлар тапсырмалары
|
30%
|
БОӨЖ/БӨЖ тапсырмалары
|
30%
|
Модуль бойынша қорытынды тапсырма
|
30%
|
Тапсырмалар сіздерге алдын ала берілген критерийлермен бағаланады. (Қосымша 2)
Дәріс сабақтарына қатысу алдын ала дайындалып келіп, дәріске белсенді қатысуды талап етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |