Зерттеушілік дағдылар негізінде төмендегі көрсеткіштер жатады :
- оқушылардың танымдық білік пен дағдыларын дамыту;
- ақпараттық кеңістікте бағыт ала білу;
- өз білімін өздігінен құрай алу дағдысы;
- ғылымның әралуан саласындағы білімдерін кіріктіре алу дағдылары;
сыни тұрғыдан ойлай білу дағдысы.
Зерттеушілік дағды деп – біз өзіндік таңдаумен, оқушыларға қолжетімді материалмен зерттеудің амалдары және әдістерін қолданумен шартталған зияткерлік және практикалық дағдыларды білеміз. Зерттеушілікке оқыту – оқушының қоршаған ортасын өз бетінше танып білуге деген табиғи ынтасы негізінде құрылған тәсіл. Зерттеушілікке оқытудың негізгі мақсаты – оқушының өз бетімен шығармашылық жаңа іс – әрекет тәсілдерін игеруге дайындығы мен қабілет қалыптастыру. Зерттеу әдістерін таңдауға И.П.Павлов ерекше назар аударды: «Жақсы әдіспен онша талантты емес адамның өзі көп жұмыс тындыра алады. Ал жаман әдіспен данышпан адамның өзі түк бітіре алмауы мүмкін» деген. Зерттеуді өткізу уақыты екі кезеңнен тұрады: теориялық кезең – әдебиеттерді талдау және жүйелеу, түйсік аппаратын жетілдіру, зерттеудің теориялық бөлігінің логикалық құрылымын жасау және эмпирикалық кезең – тәжірибелік – эксперименттік жұмыс жүргізу. Зерттеу әдістерін қолдану дегеніміз – мәселелі міндеттерді анықтау, шығарманың сыни талдауын жасау ұсынысы, тәжірибе жүргізу және т.б.