Физика-математика факультеті



Дата09.05.2022
өлшемі37,23 Kb.
#33774
Байланысты:
тарих 13 апта срсп



Қазақстан Республикасының Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

Физика-математика факультеті




ЭССЕ

Тақырыбы: Қазақстанның ядролық қарусыз әлем үшін бастамалары және қазіргі заман талабына сай қауіпсіздігі.

Курс: 1


Семестр: 2

Орындаған:Мусаева Құндыз ФКО-102

Тексерген: Сугурбаева Бибінұр

Ақтөбе, 2022

6 тамыз халықаралық ядролық қаруға қарсы күн. Қазақстан аумағында 1949 жылдан бастап Семей ядролық сынақ полигоны жұмыс істегені мәлім. Онда 40 жыл ішінде, шамамен 500 жуық ядролық сынақ жасалды.

Тәуелсіздік алғаннан кейін, Қазақстан полигонды жауып, өз еркімен ядролық қарудан бас тартқан алғашқы мемлекет ретінде тарихта қалды.Ядролық қарудан бас тарту мәселесі барлық қазіргі заманның ең күрделі мәселелерінің бірі болып табылады. Ядролық полигондар XX ғасырдағы ең ауыр қасірет болды. 1989 ж ақпанда КСРО жоғарғы кеңесіне сайлауға түскен О.Сүлейменовтың бастамасымен ядролық қаруға қарсы «Невада- Семей» қозғалысы қалыптасты, ол Семей полигонында ядролы қаруды сынаудың тоқтатылуын талап етті. 1989 жылы «Невада- Семей» қозғалысы полигонында жарылыс жасауға жоспарланған 18 ядролық жарылыстың 11-не жол бермеді. Бұл ядролық қарусыз әлем үшін жасалған ең алғашқы және нәтижелі қадамдар еді.

Әлемде жалпы саны 2025 сынақ жүргізілсе, Семей полигонында 500-ге жуық атом, сутегі бомбалары сыналып, олардың саны әлем бойынша сынақтардық 4/1-ін құраған.Ал қауқары жағынан Хиросима мен Нагасакидегі жарыслыстан бірнеше есе асып түскенін Ресейдің ресми мәліметтері дәлелдейді. 1996 жылы Қазақстан толықтай ядролық қаруларға тиым салды. Ол-ядролық қарусыз әлем құру үшін жасалған еді. Дегенмен,ашық күйінде қалып отырған көптеген күрделі мәселелерде жоқ емес. Атом технологиялары мен материялдарының халықаралық ланкестер қолына түсуінің қаупі зор. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтық «Қазақстан-2050 стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа арнаған кезекті Жолдауында былай деген: «Ядролық қаруды таратпай режімін нығайту жөніндегі бастамаларыз - әлемдік тұрақтылыққа, тәртіп пен қауіпсіздікке қосқан сөзсіз үлесіміз Әлемде алғашқы болып Семей полигонын жауып және атом қаруынан бас тартып, біз жетекші ядролық державлардан (АҚШ, Қытай, Ресей, Ұлыбритания) қауіпсіздігімізге берік халықаралық кепілдік алдық»,-деді тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаев.

Ядролық қарусыз әлем үшін жасалған бірнеше нақты бастамалар мен қадамдар:

- Семей полигонын жабу.

- 1991 жылы мемлекетіміз әлемде төртінші орында тұрған ядролық қарудан өз еркімен бас тарты.

- 1996 жылы Қазақстан толықтай ядролық қаруларға тиым салды.

- 1994 жылы 14 ақпанда Қазақстан Атом энергиясы жөніндегі Агентіктік (МАГАТЭ) мүшесі болды.

- 1993 ж 13 желтоқсанда Ядролық қаруды таратпау туралы заңға қол қойды.

- 2006 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақ құру туралы шартқа қол қойылды.

- БҰҰ 29 тамызды Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күні деп жариялады.

- 2015 жылы желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы «Ядролық қарудан азат әлем құру туралы» жалпыға ортақ декларациясын қабылдады.

Қорытындылай келе, Қазақстан бүкіл әлем елдері үшін қарусыз әлемнің бастаушысы болып есептеледі. Себебі, ең алғаш ТМД елдері арасында ядролық қарудан бас тарты. Ядросыз әлем үшін жасаған нәтижелі бастамалары ел болашағы үшін маңызы зор. Қазақстан бастамалары бейбіт болашаққа жетелейді. Ядролық қауіпсіздік жарты ғасырдан астам уақыт бойы әлем назарында екені баршамызға мәлім. Көп жылдар оның шешімін іздестіруге әлем жұртшылығы қатысып келген. «Қырғи қабақ» соғыс кезіндегі бәсекелестікте бес алып мемлекеттің қолында бүкіл адамзатты жоюға шамалы қару қорлары шоғырланған. Тек ядролық сынақтардың өзі өмірге шексіз қауіп төндіргені белгілі.

Әлемде 2025 сынақ жүргізілген қазақ халқындай азап шеккен бірде-бір халық болмағанын айтсақ артық болмас. Жоғарыда айтып өткендей аты шулы «Семей полигонында» 500-ге жуық атом, сутегі бомбалары сыналып, олардың саны барлық сынақтардың ¼-ін құраған, ал қауқары жағынан Хиросима мен Нагасакидегі жарылыстардан 40 мың есе асып түскенін Ресейдің ресми мәліметтері жобалайды. КСРО-ның ядролық зобалаңынан 1 млн. қазақ халқы шейіт болып, осы күндері 500 мың адам неше түрлі ауру-сырқатқа шалдығуда. Туылған сәбилер арасында адам көрмеген, естімеген, ойламаған хайуан сияқтылары да кездесуде.



Тәуелсіз Қазақстанның тарихында ядролық қарусызданумен тығыз байланысты. Бұл Қазақстанның дұрыс стратегиялық таңдау жасағанын, ядролық қарудан бас тартқан ел мәртебесіне ие болғанын көрсетеді. Қазақстан адамзаттың бүгінгі және болашақ ұрпағы арасында үлкен жауапкершілік өнегесін көрсете білді. Нақты қауіпсіздіктің тірегі ядролық арсенал емес, сыртқы бейбітшілік сүйгіш саясат, ішкі тұрақтылық, елдің тұрақты экономикалық және саяси дамуы болып табылатындығын өз мысалымен сенімді дәлелдеді.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет