Факультеттің Әдістемелік кеңесі мәжілісінде мақұлданды
№
9
хаттама,
«
20
»
06
2022 ж.
1. ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР
Оқытушы: Төремұрат А.Х., аға оқытушы, физика магистрі
Электронды пошта: fiz_akht@mail.ru; Zoom конференцияның ID номері 3687921148, code: 143622
Пәннің қысқаша сипаттамасы: Оптика – жарықтың қасиетін және физикалық табиғатын, сонымен қатар оның заттармен әсерлесуін зерттейтін физиканың бір бөлімі. Курста жарықты оқыту үш бөлімге бөлініп қарастырылады: фотометрия негіздері, геометриялық оптика, толқындық оптика және кванттық оптика. Геометриялық оптиканың негізінде жарық сәулелері жайында ұғымдар қалыптасқан; толқындық оптика – жарықтың толқындық қасиеттері көрінетін құбылыстарды зерттейді; кванттық оптика – жарықтың корпускулярлық қасиеттері көрінетін жарық пен зат арасындағы әсерлесуді зерттейді
Оқыту мақсаты:Табиғатта және техникада кездесетін және қолданылатын барлық негізгі оптикалық құбылыстармен және процестермен таныстыру, білім алушыларды таза сапалық түсініктермен қатар мөлшерлік тұрғыдан қабылданған жуықтаулар шеңберінде нақты есептерді шешуге үйрету және заманауи ғылыми мәліметтерге, практикалық тәжірибе мен эксперименттің бақылауын ортақтастырған оптикалық құбылыстардың физикалық теориясының ұғымдарына негізделген, оптикадағы ағымдағы кешенді үғымдарды зерттеу
Оқыту нәтижелері: Фотометрия, геометриялық оптика негіздерін, жарықтың толқындық кванттық табиғаты туралы түсініктерді, олардың теориясы мен заңдылықтарын білу, түсіндіру;
Негізгі заңдар мен жекелеген нақты есептердің дұрыс арақатынасын тауып, оларды бақылауларда, оптика және физикаға шектес ғылымдардың басқа салаларының есептерін шешуге, зертханалық жұмыстарды жасауда, қоршаған орта құбылыстарын зерттеуде, кәсіби бағытта қолдану;
Жалпы теориялық физиканың негізгі ұғымдарын, заңдары мен модельдерін білу, ғылыми мәселені шешуде қолданбалы аспектіні көре отырып, нәтижені сауатты көрсету және интерпретациялау (ОН3);
физика және математика саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулердің негізгі нәтижелерін оқытылып жатырған құбылыс немесе заңға қатысты теория ретінде тұжырымдау (ОН4);
оқу-зерттеу жұмысты, академиялық жазуды ұйымдастыру, физикалық экспериментті әдістемелік сауатты орындау (ОН7);
Практикалық есептер нәтижесін, зертханалық жұмыстарды орындау барысында алынған нәтижелерді талдау;
Эксперимент нәтижесінде толтырылған кестелер, тұрғызылған графиктер, есептеу қателіктері мен теориядан ауытқу пайызы арқылы эксперимент нәтижелерін бағалау және тұжырымдай білу;