Кесте 1. Бағалау критерийлері
Критерий
|
Әріптік жүйе
|
Мазмұны
|
Білім алушылардың когнитивтік іс – әрекеті
|
Тапсырмалар, Бақылау әдістері
|
Білім
|
А
|
Меңгеретін және
берілетін білім негіздерінің критерийі
|
Білім алушылар мен мұғалім
|
Тест тапсырмалары; терминдер мен ұғымдарды жатқа айту; анықтамалар мен атауларды қайталау, олардың қолдану тәртiбi.
|
Түсіну
|
В
|
Білімді қабылдап, түсіну критерийі
|
Студенттердің белсенділігі
|
Ойды қозғау және аяқтау; графикті, суреттерді түсіндіріп беру.
|
Қолдану
|
С
|
Алған білімді қолдану критерийі
|
Студенттің шығармашылығы
|
Шығармашылық оқу тапсырмалары, жеке – дара жұмыс жасау мақсатын түсіндіру; берілген болжамды тексеру.
|
Жинақтау
|
D
|
Білімді жай қабылдамай, талдап, саралап салыстыру критерийі.
|
Білім алушының өз іс
– әрекеті мен белсенділігі
|
Білімді жүйелеу және білімді топтастыру; салыстыру;
|
Талдау
|
F
|
Алған білімнен жаңа өнім жасап шығару критерийі
|
Білім алушының өз іс
– әрекеті мен белсенділігі
|
Талдау, шешімін табу, алгоритм құрастыру, жүйелеу, зерттеу
|
Баға (сыни өзіндік пікір)
|
Өз пікірін білдіріп, сынап, жоққа шығару, мақұлдамау критерийі
|
Білім алушылар мен мұғалім
|
Нәтиже шығару.
|
Мұндағы: түсіну, жинақтау, талдау – бұл категориялар ойлау үдерісінің операциялары және танымның әдістері болып саналады. Ал, болашақ кәсіптік оқыту мұғалімдерінің әдістемелік іс-әрекетінде – бұл білім нәтижесін алуға ықпал ететін бағалау критерійлері болып саналады. Блум таксономиясын 1956 жылы америкалық психолог Бенджамин Блум когнитивтік ортада педагогикалық оқу мақсаттарын болжайтын алты ойлау дағдылары: білу, түсіну, қолдану, талдау, синтез, бағалау арқылы топтастыруды ұсынды. Бұл тұста Б.Блум таксономиясын қолдану болашақ кәсіптік оқыту мұғалімдерінің әдістемелік іс-әрекеттерін шыңдай түсуге жол салады, атап айтсақ, аса сезгіштік, ой ұшқырлығы, жаңаға ұмтылушылық, шығармашылық қабілеттер, өзіндік ой – пікірлерге тұра білу, өзіне сын көзбен қарау, қисын ойлау, жаңаны сезгіштік, күмәншілдік, әр нәрсеге күмән келтіру. Б.Блум таксономиясының негізінде болашақ мұғалімдердің креативтілігі, шығармашылық дербестілігі қалыптасады деп білеміз. Өйткені, кәсіптік оқыту үдерісінде болашақ мамандардың алған білімдерін шығармашылық деңгейге жетелеу, өнімді тәсілдермен жүзеге асады. Б.Блум таксономиясының ұтымдылығы да сонысымен ерекшеленеді (Кесте 2).
Достарыңызбен бөлісу: |