Адамдардың еңбегі нәтижесінде пайда болатын нәтиже
Өлшемдер
Өзгерістердің деңгейін анықтайтын көзқарастар
«Бағалау» термині «жақын отыру» дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады [2].
Бағалау – одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин.
«Бағалау» (appraisal) сөзі тағы басқа мағыналарды білдіреді. Ол бағалау әрекетін, бағалау қорытындысын, немесе зерттеу нәтижесі бар есептің мағынасын білдіруі мүмкін.
Бағалау – бірде бастапқы деректерден бірдей қорытынды, нәтиже шығатын ғылым.
Бағалаушы – белгілі бір обьектіге бағалау жүргізуге арнайы білімі бар маман. Бағалаушының және бағалаудың анықтамасын қарастырайық:
Бағалау мақсаты – құн туралы қорытынды жасау,
Бағалаушының мақсаты – мақсаты анық белгіленген бағалауға қорытынды жазған кезде тәуелсіз және үшінші жақ етінде әрекет ету.
Критерий – ұсынылған талаптарға сәйкес бір нәрсені бағалау бойынша шешім қабылдау ережесі, негіздемесі және белгісі. Әр критерийдің дискрипторы болады, онда оқу тапсырмасының орындалу нәтижесінің дұрыстығы туралы нақты түсінік беріледі. Дискрипторға сәйкес бағалау оқушының қойған мақсатына жетуін анықтайды [3].
Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі:
«Критериалды бағалау технологиясы» пәнінің мазмұны студенттердің білім деңгейінің жетістігін бағалау 5 критерий (А,В,С,D,F) бойынша құрастырылды. Әрбір критерий тапсырмалары жүйелі орындауға бағытталған. «Тапсырма» сөзі бұл арада кең ауқымда қолданылады – ол мұғалімнің сұрағы, жаттығуы, шығармасы, жобасы және т.б. болуы мүмкін. Бағалау үдерісіндегі критерий түсінігі, мазмұны ондағы қолданылатын тапсырмалар мен әдістер келесі 1-кестеде келтірілген.