Физика, математика және ақпараттық технологиялар



бет2/78
Дата15.10.2023
өлшемі247,05 Kb.
#115185
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   78
Байланысты:
УМКД ТКО (1)

1 Пән туралы мәліметтер
Пәннің атауы, коды және кредиттер саны: Критериалды бағалаудың өлшемдік технологиясы, 5 кр.
Оқу пәнін өткізу уақыты мен орны: 5 семестр


Оқу пәнінің пререквизиттері мен постреквизиттері Педагогика, Психология, Ақпараттық коммуникациялық технологиялар, Информатиканы оқыту әдістемесі, Web программалау.


2. Оқу пәнінің сипаттамасы


«Критериалды бағалаудың өлшемдік технологиясы» пәнінен


ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

1 Пән сипаттамасы
1.1 Пәнді оқытудың мақсаты және міндеттері
«Критериалды бағалаудың өлшемдік технологиясы» пәнін оқытудың мақсаты – мектеп және колледж оқушыларын критериалды бағалау саласында оқыту мен білімдерін қалыптастыру, алған білімдерін оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық-педагогикалық практикасында іске асыру.
Пәнді оқытудың міндеттері:
- білім алушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесін практикалық іске асырудың ғылыми негіздері мен тәсілдерін ашу;
- оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауды ұйымдастырудың дәстүрлі Стратегиясынан критериалды бағалау жүйесіне көшу қажеттілігін негіздеу;
- білім алушыларды критериалды бағалау рәсімін ұйымдастыруға қойылатын нақты талаптарды жүйелеу;
- білім алушылардың оқу-танымдық іс-әрекетінің жеке және жас ерекшеліктерін ескере отырып бағалау құралдарын қолдану білігін қалыптастыру;
- таңдалған мамандық контекстінде білім алушылардың қабілеттері мен жеке қасиеттерін дамытуға ықпал ету.
Пән бойынша қысқаша ақпарат 
2. 5В011100 – Информатика мамандығының білім беру бағдарламасы құрылымындағы пәннің орны
«Критериалды бағалаудың өлшемдік технологиясы» пәні – міндетті компонент (МК), (БП) ЖМП цикліне жатады және 5В011100 – Информатика мамандығының білім беру бағдарламасының «Педагогика» модуліне кіреді.

  1. Пререквизиттер: педагогика, психология 
    Білім алушылардың «алдын-ала» даярлығына қойылатын талаптар:

- ҚР Білім беру жүйесі туралы білу;
- тәрбие теориясы мен технологиясын білу;
- педагогикалық зерттеу әдістерін білу;
- ғылыми-зерттеу қызметінің дағдыларын меңгеру;
- білім беру үдерісінде педагогикалық технологияларды пайдалану дағдыларын меңгеру;
- педагогикалық қарым-қатынас және педагогикалық технология дағдыларын меңгеру.
4. Постреквизиттер: тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет