КеАҚ «ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ»
ФИЗИКА, МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ИНСТИТУТЫ
Тақырыбы: «Бірлігіміз бекем болсын!»
Мақсаты: Студенттердің өзбеттерімен, шығармашылықпен жұмыстандыру арқылы болашақ өмірге өмірлік және тәжірибелік құндылықтар мен табиғи ұстанымдар қалыптастырған табысты және беделді тұлға болатын ұрпақ тәрбиелеу
«Толеранттылық» түсінігін ұлттық дүниетаным тұрғысынан талдау, және оның негізгі белгілерін таныта отырып, студенттердің бір-біріне деген сыйластық, өзгені өзіндей қабылдауға, өзге ұлттардың салт-дәстүрлерін сыйлаудың маңызына мән беру;
Ұлы Абайдың «Толық адам» концепциясын талдай отырып, толерантты тұлға модельін құру, Сондай-ақ «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» Абай идеясын талдай отырып, толерантты Қазақстан моделін құру;
Топ ішіндегі студенттердің қоршаған ортаға толерантты қарым-қатынасын қалыптастыру;
Ақпаратты өздігінен игеру және талдау, интерпретациялау білігін жетілдіру.
Шараның түрі: Ұлттық бірлік, қоғамымыздағы бейбітшілік пен келісім.
Қазақстандық қоғамдағы этносаралық келісім Ата заңда және басқа да Заңдарда берік бекітілген. 1995 жылы Қазақстан халықтарының Ассамблеясы – азаматтық бейбітшілік пен келісімнің бірегей институты, жалпы қазақстандық бірлік негізі құрылды.
Халқымыздың қоғамдық келісімі мен жалпы ұлттық бірлік, барлық азаматтардың этникалық, діни, нәсілдік тиістіліктерінежәне өзге де өзгешелектеріне қарамастан тең құқықтығы – әркімнің және барлығының табысы мен лайықты өмірін білдіретін тұрақты шоғырландырылған фактор.
Қазақстан Республикасының әр азаматының патриоттық борызы – Қазақстанның халықтарының достық пен келісім дәстүрін сақтап, ұлғайтып, ұрпақтан ұрпаққа беру.
Әдісі: Проблемалық, ой қозғау т.б.
Шарада қолданылатын пед.технологиялар Білім беруді ізгілендіру, ұжымдық оқыту технологиясы, дамыта оқыту технологиясы. АКТ
Пәнаралық байланыс: Философия, қазақ әдебиеті
І. Ұйымдастыру бөлімі
Тәрбие сағатының бөлімдері:
I бөлім – «Толеранттылық-ұлттық құндылық» толеранттылық түсінігін қалыптастыру
II бөлім - Ұлы Абайдың «Толық адам» концепциясы
III бөлім – «Толеранттылық- өркениеттіліктің белгісі»
Интербелсенді тақтамен жұмыс
1-тапсырма Шараның мақсатымен, бөлімдерімен таныстыру
Махаббатпен жаратқан адамзатты,
Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті,
Адамзаттың бәрін сүй «бауырым» деп,
Және хақ жолы осы деп әділетті ...Абай
Бүгінгі тәрбие сағатымызда ұлы Абайдың осы сөздерін эпиграф ретінде алып отырмыз.Осы шумақтан нені түйдіңіздер?
-Иә, барша адамзатты нәсіліне, ұлтына , ұстанатын дініне қарамастан жақсы көріп, түсіністікпен қарап, өзіңдей қабылдау қасиетін бір сөзбен толеранттылық дейміз.
Толеранттылық – бұл қайырымдылық.
Толеранттылық – бұл аяушылық таныту.
Толеранттылық – бұл құрметтей білу.
Толеранттылық – бұл мейірімділік таныту
Толеранттылық – бұл шыдамдылық.
Толеранттылық – бұл достық
Бұл - келісім мен ынтымақтастыққа апаратын жол,
16 қарашада әлемнің көптеген елдері Халықаралық толеранттылық немесе төзімділік күнін атап өтеді. Бұл 1996 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының шешімімен бекітілген.
Қазақстандағы толеранттылық ата-бабамыздан, дәстүрімізден келе жатқан құбылыс. Біз басқа ұлттарды, этномәдениетті жатсынбайтын ашық этнос ретінде қалыптастық. Бұл қазақ халқының ұлттық менталитетінен көрініс табады, қазақ халқына тән қандай ұлттық мінез құлықтарды атай аласыздар
Осы мінез –құлық қандай ұлттық салт-дәстүрлерден көрініс табады?
Ұлттық мінез қандай мақал-мәтелдерден көрініс табады?
Мысалы: «Сабыр түбі -сары алтын» деп істің артын бағуға үндейді.
Толеранттылық гуманизмге , адами қасиеттерге негізделеді ол жәй ғана тығырықтан шығу өнері емес, адамгершілікті мінездің, рухани кеңдіктің, қайсарлық пен өзін жеңген батыл жігердің нәтижесі.
Олай болса, .Ұлы Абайдың «кәміл адам» концепциясына назар аударайық. Кәміл –арабтың толық, жан-жақты деген сөзінен шыққан.
Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста ,
Сонда толық боларсың елден ерек.
Ұлы дананың қай шығармасын алмайық, оның алтын қазығы – Адам. Ол нағыз Адам, Толық Адам қандай болу керек деген сұраққа жауап іздейді, әрі оған жауап береді. Мысалы, «Атымды Адам қойған соң қайтып надан болайын», «Адамды сүй, Алланың хикметін сез, не қызық бар өмірде одан басқа» - дейді. «Адамды сүюден басқа қызық жоқ» деген пікірінде қазір көп айтылып жүрген гуманды педагогика ұстанымдары жатыр. Осы жерде жас ұрпақты тәрбиелеу ісі ең алдымен, оларды адамды сүюге баулудан басталуы керек деген тұжырым шығады
Абай адам болудың шартын қалай белгілейді?
Кесте толтыру
Асық болатын істер Қашық болатын істер
Студенттер назарын сабаққа аударады.
-Адам баласын махаббатпен жаратқан Алла тағалланы жаныңмен сүй, Барлық адамзатты бауырыңдай жақсы көр, Бұл ең әділетті жол дейді.
-бауырмашылдық. ізеттілік, қайырымдылық, мейірімділік, қонақжайлылық, имандылық, иманжүзділік
- асар жасау, той жасау, барлық адамның жиналып келіп қуынышты бөлісуі,
Сол сияқты қайғыны да бөлісе алуы
«Қуанышты бөліссе, көбейеді, қайғыны бөліссе, азаяды.»
Ырыс алды-ынтымақ, Бірлік Төзімділікті танытатын «Қол сынса, жең ішінде, бас жарылса, бөрік ішінде»
-адамның көңіл аспаны кең,
-жүрегі ізгі де, мөлдір,
-адамгершілігі теңіздей телегей.
-рухани дүниесі кең
Бес нәрседен қашық бол.,
Бес нәрсеге асық бол дейді
Асық болатын істер Қашық болатын істер
Талап, өсек
еңбек өтірік
терең ой, Мақтаншақ
қанағат, Еріншек
рақым, Бекермал шашпақ
Тәрбие сағатының тақырыбымен, мақсатымен және қандай бөлімдерден тұратынымен танысып, білімдерін кеңейтеді. Тәрбие сағатын бастауға дайындығын білдіреді.
Мұғалімнің көмегімен оқушылар толеранттылық түсінігін ұлттық дүниетаным тұрғысынан талдайды.
Ұлы Абайдың «кәміл адам» концепциясын талқылап нағыз адам қандай болуы керек деген сұраққа жауап іздейді.
Белсенді тақтаның көмегімен Абай ұстанымы бойынша адамға қажетті, қажетсіз қасиеттерді топтап жазады.
Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті:
Тілді үйрену тұрғысында Ұлы Абай не дейді? Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек
Әрбіреудің өнерін, тілін білмек керек, аса арсыздана жалынбайсың, дағуасына кіресің, сеніміне кіресің
Орыстың ғылымы, өнер, дүниенің кілті, оны білгенге дүние арзанға түседі.
Толерантты тұлға моделін құру
Студенттер толеранттылық гүлін толтырады:
Сабырлы, кеңпейіл, талапшыл, қанағатшыл, рақымшыл, жылы жүректі, нұрлы ақылды. Абай қағидалары бойынша толерантты тұлға моделін жасайды.
Қазақстан моделін құру
• Бейбітшіл
• Ұлтаралық достықты сақтаған;
• Адамгершілікті қоғам
• Жарастықты қарым-қатынас
• Мәдениеттер достығы; Студенттер Адамзаттың бәрін бауырым » деп сүюдің және адамзаттың бәрін бауырым » деп сүймеудің салдарын талдай отырып, Толерантты Қазақстан моделін құру қорытынды шығарады
Достарыңызбен бөлісу: |