I-деңгей
1. Жер бетінен 3,5 м биіктікке көтерілген массасы 6 кг дененің потенциалдық энергиясын анықтаңыз.
2. 9 м/с жылдамдықпен қозғалатын 6 кг дененің кинетикалық энергиясы неге тең ?
II-деңгей
1. Қатаңдығы 10 4 Н/м серіппе 3 см-ге сығылғанда оның потенциалдық энергиясы қалай өзгереді ?
2. “Союз” сериялы ғарышкеменің массасы 6,6т болса, оның орбита бойымен 7,8 км/с жылдамдықпен қозғалғандағы кинетикалық энергиясы қандай?
Есептер шығару
Кеменің өзен ағысы бағытындағы жылдамдығы 25 км/сағ, өзен ағысына қарсы қозғалғандағы жылдамдығы 15 км/сағ. Кеме мен өзеннің жылдамдығы қандай?
1) Кеменің өзен ағысына қарсы қозғалғандағы жылдамдығы 20 км/сағ ал өзен ағысы бағытында 30 км/сағ. Кеме мен өзеннің жылдамдықтары қандай?
2) Кеме су ағысымен 100 км жолды бес сағатта ал өзен ағысына қарсы қазғалып үш сағатта 30 км жолды өтті. Өзен ағысының және кеменің жылдамдықтары қандай?
20 метр биіктіктен жерге құлаған тас неше t секундта жер бетіне жетті? Ауаның кедергісін елемеңіз.
Дене жерге g еркін түсу үдеуімен құлайды. Бұл g = 9,8 м/с. Тастың бастапқы жылдамдығы нөлге тең, ал жерге құлағандағы v жылдамдығы үдеудің анықтамасы бойынша v = gt тең.
Жылулық қозғалыс, броундық қозғалыс, диффузия
1-тапсырма: «Айырмашылық мен ұқсастық»
Сұрақтар:
(Алма, темір шарик, доп)
-Суреттегі денелер неден тұрады?
-Айырмашылығы неде?
-Массалары бірдей бола ала ма?
-Неліктен бірдей болмауы мүмкін?
2-тапсырма. «Бірге ойлаймыз» Үлестірмелі материалдар
1-топ: Пробиркаға су құйып қайнатасындар. Суды қайнатсақ, ол қайнаған соң көлем ұлғайып төгіле бастайды. Неге?
2-топ: Электр шәйнегіне су құйып қайнатасындар. Шайнектегі су дыбыс шығарады. Будың шығуын түсіндіріңдер.
3-топ: Екі стақанның біреуінде ыстық су, екіншісінде суық су құйылған. Екеуіне бірдей шай саласындар. Бұл қандай құбылыс?
3– тапсырма. Жұппен жұмыс
1. Венн диаграммасын құрыңдар.Оның дөңгелектеріне:
А)жылулық қозғалыс
В)броундық қозғалыс
С)диффузия қасиеттерін жазыңдар.
Үш ортақ АВС аймағында 3 құбылыстың АВ,ВС,АС аймақтарында сәйкес 2 ортақ қасиеттерін жазыңдар
2.Газда , сұйықта, қатты денелерде болатын диффузия құбылысына бір –бірден мысал келтіріңдер. Олар МКТ-ның қандай қағидасын дәлелдейтінін ашып түсіндіріңдер
Достарыңызбен бөлісу: |