1-тапсырма: «Суреттер сөйлейді» әдісі
1-топ.
2-топ.
3-топ.
2-тапсырма: Жеке жұмыс 1. Қарындаш жазық айнадан 25 см қашықтықта тұр.Егер қарындашты айнадан 10 см жылжытып қойса,
қарындаш пен оның кескінінің арақашықтығы қандай болады (Жауабы:70см).
2. Егер екі жазық айнаның арасындағы екі жақты бұрыш 30° болса, қанша кескін алуға болады? (Жауабы:11)
3. Егер жазық айнаны 20°-қа бұрса,одан шағылған сәуле қанша бұрышқа бұрылады?(Жауабы:40°)
4.Симметрия принципін пайдаланып, жазық айнадағы үшбұрыштың кескінін салыңдар.
5. Адам жазық айнадағы өз кескінін толық көру үшін айнаның өлшемі қандай болу керек? Неге?
6. Жазық айнаның алдына биіктігі 2 см А және Б әріптері қойылған. Айнада олар қалай көрінеді?
7. Екі жазық айна 900 бұрыш жасап орналасқан. Осындай күрделі айнаның алдында тұрған бақылаушы нені көреді?
8. Жазық айналы перископтың құрылымын суретке салып түсіндіріңдер. Қандай да бір денеден перископта тарайтын сәулелердің жүріс жолын сызып көрсетіңдер
9. . Түскен сәуле мен шағылған сәуленің арасындағы бұрыш 60º болған кезде, түсу бұрышының мәні қандай болады?
10. Сәуленің жазық айнаға түсу бұрышын 30ºтан 45ºқа дейін арттырды. Түскен сәуле мен шағылған сәуленің арасындағы бұрыш қалай өзгереді?
11.Жарық сәулесі жазық айнаға оның бетіне қатысты 30ºпен түседі. Түскен сәуле мен шағылған сәуленің арасындағы бұрыш қаншаға тең?
12. Адам жазық айнаға қарай 2 м/с жылдамдықпен жүреді. Ол өзінің кескініне қандай жылдамдықпен жақындайды?
13. Күн сәулелері Жердің бетімен 40º бұрыш жасайды. Сәуленің бағытын құмға тігінен көмілген жіңішке түтіктің ішіне қарай өзгерту үшін жазық айнаны көкжиекке қатысты қандай бұрышпен қою керек?
14.Егер айнаны нәрсенің жалған кескіні пайда болған жерге жылжытып қойса, нәрсе мен кескінінің арақашықтығы қалай өзгереді?
15.Екі өзара параллель жазы айна неше кескін береді?
16.Бойы 1,79 м адам ұзындығы 12 м ағаштан 5 м қашытықта тұр. Адам қандай қашықтыққа жазық айнаны қойған кезде ағаштың үстіңгі нүктесін көре алады ?
3-тапсырма:«Тест жұмысы»
1. Екі түрлі ортаның шекарасына түскен кезде жарық сәулесінің таралу бағытының өзгеру құбылысы А. Сыну В. Шағылу С. Түсу
2. Түсу бұрышы мен шағылу бұрышы ........жатады А. Бір жазықтықта С. Әр түрлі жазықтықта В. Перпендикуляр
3. Түсу бұрышы шағылу бұрышы(-на,-нан) А. Кіші В. Үлкен С.Тең
4. Шағылу түрлері А. 3 В. 2 С. 4
5. Кедірбұдыр беттен шағылу ........шағылу деп аталады А. Диффузиялық В. Айналық С. Дұрыс
6. Тегістелген, жылтыр беттен шағылу ........шағылу деп аталады А. Диффузиялық В. Айналық С.Шашыранды