1-тапсырма : Өткенді қайталау: тест сұрақтары
1. Жылу мөлшерінің өлшем бірлігі?
А) Дж Ә) кг/Дж Б ) м В) Дж/кг
2. Отын жанғанда жылу мөлшерін есептеу формуласы?
А) q=Q/m Ә) Q=qm Б ) Q=m/q В) m=Q/q
3. Отынның жану жылуының өлшем бірлігі?
А) Дж Ә) кг/Дж Б ) Дж/кг В) Дж/кг С
4 . Қандай процесс балқу деп аталады?
А)Сұйық күйге ауысу Ә)Еріп кету Б )Қатты күйге ауысу В) Кристалдану
5.Қандай процесс кристалдану деп аталады?
А)Сұйык күйден қатты күйге ауысуы
Ә) Қатты күйден сұйык күйге ауысуы
Б )Заттың сууы
В)Жылу өткізгіштік
2-тапсырма: Жауабы қандай? Қызықты тапсырмалар.Деңгейлік тапсырмалар
І деңгей
1. Жинап қойған жуылған кірдің жай , ал жіпке жайылған кірдің тез кебетіні неліктен ?
2. Бірдей температурада бөлмедегі жайылған кір баяу, ал ашық ауадағы кірдің тез кебетіні неліктен?
3. Неліктен ыстық шай үрлегенде тез суиды ?
4. Жайылған кір мен шабылған шөп неге жел болғанда тез кебеді ?
5. Ылғал ағаш құрғақ ағашқа қарағанда отта баяу жанады. Себебін түсіндіріңдер.
ІІ деңгей
1.Өзенге шомылып шыққан адамның , өте ыстық күннің өзінде денесінің суитыны неліктен ?
2.Жаңбыр жауғанда ауаның суып кететіні неліктен ?
3. Резеңке киім кигенде , ыстыққа шыдаудың қиындығын қалай түсіндіресіңдер
ІІІ деңгей
1.Қол бұлғаңдар. Енді оған иіс су жағып , қайта бұлғаңдар. Осы кезде не сезінгендеріңді түсіндіріңдер.
2.Ашық тоғандарда жиналған судың температурасы қоршаған орта температурасынан үнемі төмен болады. Оның себебі неде ?
3-тапсырма: Жалғасын тап 1. Конденсация процесі кезінде жылу энергиясы бөлінеді
2. Кебу процесі энергияны жұтумен қатар жүреді
3. Қаныққан будың қысымы оның көлеміне тәуелді емес, бірақ температураға тәуелді
4. Су буы-судың мөлдір газ тәрізді күйі, ол көрінбейді
Қайнау, меншiктi булану жылуы.Қайнау температурасының атмосфералық
қысымға байланыстылығын анықтау