Физика пәні бойынша Ұбт-ға дайындау Астрономия ғылымына кіріспе №1 тапсырма



бет32/46
Дата26.11.2023
өлшемі1,57 Mb.
#128387
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   46
Байланысты:
Физика даптер

1-тапсырма: Сұрақ – жауап арқылы
1 Қайнау барысында берілген энергия неге жұмсалады?
2 Судың меншікті булану жылуы 2,3*106Дж/кг дегенді қалай түсінесіз?
3.780 С –температурадағы 1 кг спирт буының конденсациясы кезінде қанша жылу бөлінеді?
4. Конденсация кезінде энергияның бөлінетінін тәжірибеде қалай дәлелдеуге болады?


2-тапсырма:Есептер сыры
№1. Ыдыста температурасы 18о С, массасы 3,5 кг су бар. Суға температурасы 100о С бу жібергенде оның массасы 3,7 кг-ға өсті, ал темпера- турасы 52о С-ге көтерілді. Судың меншікті булану жылуын анықтаңдар. Ыдыстың жылусыйымдылығы және сыртқы ортамен жылу алмасуы ескерілмейді.
№2. Газ плитасындағы массасы 0,2 кг алюминий шәйнектің ішінде температурасы 18о С, массасы 3,0 кг су бар. Суды қайнатып, оның 10%-ын буға айналдыру үшін жағылған газдың массасы мен көлемін анықтаңдар. Газ плитасының ПӘК-і 70%. Табиғи газдың тығыздығы 0,75 кг/м3.
№3. Ашық ыдыстағы массасы 10 л, температурасы 200С суды буға айналдыру үшін қанша жылу жұмсау керек? 2. Массасы 5 кг су 100о С-ден 00С-ге дейін суынғанда қанша жылу бөлінеді?
№4. Температурасы –150С, массасы 2 кг мұзды 100о С-де буға айналдыру үшін қанша жылу қажет? Меншікті булану жылуы 2,26 МДж/кг. Осы процестің графигін сызыңдар: абсцисса өсіне берілген (есептелген) жылу мөлшерлерін, ордината өсіне заттың температурасын салыңдар.
№5. Ыдыста температурасы 200С болатын 2,8 л су бар. Ыдыстағы суға температурасы 4600С, массасы 3 кг болат кесегін салады. Су 600С-ге дейін қызады және оның бір бөлігі буға айналады. Буға айналған судың массасын табыңдар. Ыдыстың жылусыйымдылығы ескерілмейді. Су мен болаттың жылусыйымдылықтары: 4200 Дж/(кг · 0С); 460 Дж/(кг · 0С); судың меншікті булану жылуы 2,3 · 106 Дж/кг.
№6. Температурасы 00С болатын 10 кг мұз салынған ыдысқа температурасы 900С, массасы 3 кг ыстық су құйған. Қоспаның температурасы қандай болады? Мұз толық ери ме? Толық ерімесе, оның қандай бөлігі қатты күйін сақтайды? Ыдыстың жылусыйымдылығы ескерілмейді.
№7. Тосқауылға соғылған оқтың жартысы балқып кетуі үшін оның кинетикалық знергиясының 60%-ы шығындалады. Қорғасын оғы қандай жылдамдықпен тосқауылға соғылған? Оқтың тосқауылға соғылғанға дейінгі температурасы 270С. Қорғасынның меншікті жылусыйымдылығы 130 Дж/(кг · 0С); меншікті балқу жылуы 2,5 · 104 Дж/кг; балқу температурасы 3270С.
№8.Алюминий және қорғасын кесектері бірдей биіктіктен құлады. Құлау соңындағы соққыда бұлардың қайсысы ең жоғары және неше есе артық температура алады? Денелердің құлағандағы энергияларының барлығы да оларды қыздыруға жұмсалды деп есептеңдер
№9. Массасы 0,2т , температурасы 250С-ғы суды қайнау температурасына дейін жеткізу үшін , қанша спирт жағу керек?
№10. Температурасы 200С болатын 2,8л суы бар ыдысқа массасы 6кг, температурасы 4600С бір кесек болат салынды . Бұдан кейін су 600С-қа дейін ысыды да оның бір бөлігі буға айналды. Буға айналған су массасын тап
№11. 00𝐶 температурада алынған 2 кг мұзды түгелдей ерітіп , буға айналдырып жіберу үшін қанша керосин жағу керек?
Термодинамиканың бiрiншi заңы, газдың және будың жұмысы
1-тапсырма: "Конверттегі сұрақ"
- Ішкі энергия дегенді қалай түсінесің?
- Ішкі энергияның құраушы бөліктерін ата?
- Ішкі энергияны қалай өзгертуге болады?
- Ішкі энергия өзгерісінің өлшемі қандай шама?
- Жылу мөлшері қалай белгіленеді?
- Жылу мөлшерінің өлшем бірлігі не?
Жылу мөлшері қай шамаларға тәуелді?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет