Физика пәні бойынша Ұбт-ға дайындау Астрономия ғылымына кіріспе №1 тапсырма


-тапсырма: «Менен сұрақ , сенен жауап»



бет38/46
Дата26.11.2023
өлшемі1,57 Mb.
#128387
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   46
Байланысты:
Физика даптер

1-тапсырма: «Менен сұрақ , сенен жауап»
1. Электр тізбегінде энергияның сақталу және айналу заңын қалай түсіндіруге болады?
2. Электр тогының жұмысы деп нені айтамыз? Қандай формуламен өрнектеледі? Немен өлшенеді?
3. Электр тогының жұмысын қандай күш атқарады? Бөгде күштердің оған қатысы бар ма?
4. Электр тогының қуаты деп нені айтамыз? Қандай формуламен өрнектеледі? Немен өлшенеді?
5. Электр тогы өткенде өткізгіштердің қызатынын қалай түсіндіруге болады?
6. Джоуль–Ленц заңы қалай тұжырымдалады? Жұмыс пен жылудың арасындағы эквиваленттік қалай дәлелденеді?
2-тапсырма. Есептер сыры
1. . Амперметр тізбекте 15 А ток күшін, ал вольтметр осы бөлікте 24 В кернеуді көрсетеді. 20 мин ішінде ток қанша жұмыс атқарады?
№ 2. Электр плитасының кедергісі 80 Ом, желідегі кернеу 220 В. Электр плитасы 6 сағ ішінде қанша энергия тұтынады?
№3. Ом заңын пайдаланып, токтың жұмысын ток күші, кедергі және уақыт бойынша; кернеу, кедергі және уақыт бойынша өрнектеңдер.
№4. 120 В кернеуге арналған әрқайсысы 100 Вт болатын екі шам кернеуі 220 В желіге тізбектеп жалғанған. Тізбектегі токтың күшін және әр шамның кернеуін анықтаңдар.
№5. 220 В кернеуде жұмыс жасайтын қуаты 700 Вт болатын қыздырғыштың спиралін қимасы 0,5 мм2 хромаль сымынан жасау керек. Сымның ұзындығын табыңдар. Хромальдің меншікті кедергісі – 1,4 Ом · мм2/м.
№ 6. Токтың қуатын ток күші мен кедергі арқылы және кернеу мен кедергі арқылы өрнектеңдер.
№7. Кернеуі 250 В желіге осындай кернеуге арналған қуаты 500 Вт және 25 Вт екі шамды қосады. Тізбектеп немесе параллель жалғағанда олардың қайсысы жарқырап жанады?
№8. Ұштарындағы кернеуді 3 В деп алып, ұзындығы 30 см, көлденең қимасы 2 мм2 нихром сымның 15 минут ішінде бөліп шы ғаратын жылу мөлшерін анықтаңдар.
Металдардағы электр кедергісінің температураға тәуелділігі, асқын
өткізгіштік.
1-тапсырма: Ширату жаттығулары
1. Өткізгіштердің ......олардың кедергілеріне тәуелді бола ма?
2. ...........Джоул-Ленц заңы деп аталады.
3. Джоул- Ленц заңы....... жазылады.
4.Тұрақты тоқтың жұмысы ....... тәуелді?
5.Тоқты қуатын есептейтін формула.............
6.Тоқтың өлшемі бірлігі............ 7.Вт...........өлшем бірлігі 8.Кедергінің өлшем бірлігі.........


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет