Физика пәні бойынша Ұбт-ға дайындау Астрономия ғылымына кіріспе №1 тапсырма



бет36/46
Дата26.11.2023
өлшемі1,57 Mb.
#128387
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   46
Байланысты:
Физика даптер

2-тапсырма:Жұппен жұмыс .
1.Зарядын өзгертпестен теріс зарядталған ме- талл шардың көмегімен басқашарды қа лай оң заряд тауға болады?
2. Теріс заряд талған металл шардың көмегі мен екі бірдей шарды зарядтары тең, бірақ таңбалары қарама­қарсы болатындай етіп қалай зарядтауға болады?
3. Электрленуге келтірілген мысалдарды пай далы және зиянды деп екіге бөліңдер: жайтартқыш әсері, найзағайлы бұлттардың жиналуы, электр көшіргіш құрылғысын да бас па материалдарының көшірмесін жасау, ки імдердің электрленуі, қозғалтқыш қайыс -тарының (ремень) және тасымалдағыш жо лақтарының электрленуі, тоқыма өнеркәсі- біндегі талшықтардың электрленуі, өнім бет терін сырлағыш пультпен сырлау, егеу құм қа- ғазын дайындау, электрфильтр мен ауа ны тазалау.


3-тапсырма: «Иә және Жоқ» жедел сұрақтар.
1.Аттас зарядтар бір - бірімен тартылады ма? (жоқ)
2. Заттар үш күйде болады ма? (иә)
3. Желді күні асфальт беті тез кебеді ме? (иә)
4. Жолдың өлшем бірлігі секунд па? (жоқ)
5. Кулон заңын ашқан ғалым Ампер ме? (жоқ)
6. Жылдамдық бірлігі м/с (иә)
7. Температураны өлшейтін құрал динамометр ме? (жоқ)
8. Джоульмен өлшейтін физикалық шама энергия. (иә)
9. Уақытты сағатпен өлшейді ме? (иә)
10. Газға немесе сұйыққа түсірілген қысым сол сұйықтың немесе газдың әрбір нүктесіне өзгеріссіз беріледі. Паскаль заңы ма? (иә)

Электр зарядының сақталу заңы, қозғалмайтын зарядтардың өзара


әрекеттесуi, элементар электр заряды
1-тапсырма: Есептер шығару
№1. Зарядтары 1 кулоннан болатын ек і нүктелік заряд вакуум да бір-бірінен 1 км арақашықтықта орналасса, олар қандай күшпен әрекеттеседі?
№2. Зарядтары 10–4 кулоннан болатын екі нүктелік заряд вакуумда бірбірінен 1 м арақашықтықта орналасса, олар қандай күшпен әрекеттесе ді?
№3. Зарядтары 2,3 · 10–6 және 3,5 · 10–5 Кл болаты н екі нүктелік заряд вакуумда бір-бірінен 1,7 см арақашықтықта орналасқан. Олар қандай күшпен әрекетте седі?
№4. Екі нүктелік q1 және q2 заряды бір-бірінен L арақашықтықта орналасқан. Олардың арақашықтығы 0,5 м-ге қысқарса, әрекеттесу күштері екі есе өседі. L арақашықтығын табыңдар.
№5 Бір-бірінен 20 см арақашықтықта орналасқан оң зарядталған екі дененің зарядтары 1,6•10–9Кл және 0,4•10–9Кл. Оларды қосатын түзудің бойында үшінші –0,5•10–9Кл нүктелік теріс заряд орналасқан. Осы заряд тепе-теңдігін сақтау үшін екінші денеден қандай қашықтықта орналасады?
6. Зарядтары 2 нКл және 8 нКл, өлшемдері бірдей екі өткізгіш шарларды бір­бірімен түйістіріп, қайта орындарына әкелді. Шарлардың түйістіргеннен кейінгі зарядтарын анықтаңдар.
№7. Бір­бірінен 10 см қа шық тық та ор на лас қан 1мкКл нүк те лік за рядтар дың өза ра әрекеттесу кү шін анық таң дар. Егер за ряд тар ды су ға сал са, әрекеттесу кү ші қа лай өз ге ре ді?
№8. 2 нКл жә не 5 нКл екі нүк те лік за ряд өза ра 9 мН күш пен әрекеттесетін болса, за ряд тар бір­бі рі нен қан дай қа шық тық та ор на лас қан?
№9. Бір­бірінен 1 м қашықтықта ор на лас қан q1 = 2 ⋅ 10− 4 Кл жә не q2 4 = −6 ⋅ 10− 4 Кл за ряд тар орталарында ор на лас қан q3 = 4⋅ 10− 4 Кл за ряд қа қандай күшпен әрекет ететінін есептеңдер.
№10. . Егер шамалары q1=4*10-8Кл және q2=16*10-8Кл екі заряд қандай қашықтықта тұрып, 9*10-5Н күшпен өзара әсерлеседі?
№11. 10мН максимал керілу күшіне есептелген жіңішке жібек жіпке массасы 0,3г , 6нКл оң заряды бар шарик ілінген. Астынан -20нКл теріс заряд жақындатқанда, жіптің үзіліп кету қашықтығын есептеңіз
№12. Жіңішке су ағынына электрленген тарақты жақындатыңдар. Байқалған құбылысты түсіндіріп, дәптерлеріңе жазыңдар

  1. №13. Дистильденген судың заряды 5 нКл, электрленгеннен кейін оған 3 нКл заряд берілді. Судың электрлененнен кейін заряды нешеге тең?

  2. №14.Май тамшысы теріс зарядталған. Электрлегеннен кейін май тамшысы -5 нКл Заряд жоғалтты да заряды -15 нКл болды. Электрлегенге дейінгі май тамшысының заряды қандай?

  3. №15.Екі бірдей металл шарды +38 және 14 зарядпен зарядтайды. Шарларды бір-біріне тигізіп, қайтадан ажыратады. Әр шардың заряды қанша болды?

  4. №16.Арақашықтығы 2 см, ал зарядтары 2*10-8 Кл және 4*10-8 Кл болатын бірдей екі кішкене шар вакуумде қандай күшпен әрекеттеседі.

17.Вакуумде бір-бірінен 1 м қашықтықта орналасқан шамасы 1 Кл болатын екі нүктелік зарядтың өзара әрекеттесу күшін есептеңдер?

  1. №18.Екі нүктелік зарядтың арақашықтығын 2 есе арттырғанда олардың арасындағы өзара әрекеттесу күші қанша есе өзгереді? 2 есе кеміткенде ше?

  2. №19.Екі нүктелік зарядтың біреуінің зарядын 3 есе арттырғанда олардың арасындағы өзара әрекеттесу күші қанша есе өзгереді? 3 есе кеміткенде ше?

Электр өрiсi, электр өрісінің кернеулігі.


1. Сутек атомы электроны орбитасының радиусы 5 ⋅ 10–11 м. Атом ядросы мен электронның өзара әрекеттесу күшін есептеңдер
№2. Шамалары q1 = 8 · 10–8 Кл және q2 = –3 · 10–8 Кл болатын екі зарядтың арақашықтығы 0,1 м. Зарядтарды қосатын түзудің бойында теріс зарядтың сыртында одан 0,1 м арақашықтықта орналасқан А нүктесіндегі екі зарядтың туғызатын өрісін анықтаңдар.
№3. Зарядтары q және –q болатын екі нүктелік заряд бір-бірінен r арақашықтықта орналасқан. Оларды қосатын түзудің тең ортасында орналасқан нүктедегі екі зарядтың туғызған электр өрісінің кернеулігін сызып көрсетіңдер және жалпы түрде есептеп шығарыңдар.
№4. Вакуумда орналасқан –2,7 · 10–6 кулон нүктелік заряд берілген. Осы зарядтың 1 см арақашықтықта туғызған электр өрісінің кернеулігін анықтаңдар. Зарядтың өрісін суретке салып, кернеулік векторының орналасуын (басталу нүктесін және бағытын) көрсетіңдер.
№5. Нүктелік заряд 3 см арақашықтықта кернеулігі 4 · 106 Н/Кл электр өрісін туғызады. Оның зарядының шамасы қандай? Зарядтың өрісін суретке салып, кернеулік векторының орналасуын (басталу нүктесін және бағытын) көрсетіңдер.
№6. Оқшауланған нүктелік зарядтың 1 м арақашықтықтағы өрісінің кернеулігі 32 Н/Кл. Осы өрістің зарядтан 8 м арақашықтықтағы кернеулігін анықтаңдар.
№7. Массасы 0,18 г және тығыздығы 1800 кг/м3 оң зарядталған шар тығыздығы 900 кг/м3 сұйық диэлектрлік ортада тыныш күйде тұр. Диэлектрикте кернеулігі 45 кН/Кл вертикал жоғары бағытталған бір текті өріс пайда болды. Шардың зарядын анықтаңдар.
№8. 0,1 нКл нүктелік зарядтан 1 м қашық тықтағы электр өрісінің кернеулігі қан дай? Осы нүктедегі заряды 10 нКл де неге қандай күш әрекет етеді?
№9. Өзінен 50 см қашықтықта кернеулігі 720 Н/Кл болатын электр өрісін тудыратын нүктелік зарядтың шамасын анықтаңдар.
№10. Зарядтан 5 см қашықтықтағы өріс- тің кернеулігі 1,6 · 105 Н/Кл. Зарядтың ша масын анықтаңдар.
№11. Кеңістіктің кейбір нүктелерінде нүктелік заряд тудырған өрістің кернеулігі 4,2 · 104 Н/Кл. Егер өріс осы нүктелерге берілген зарядқа 84 мН күшпен әрекет ететін болса, зарядтың шамасын анықтаңдар
Электр өрісінің потенциалы және потенциалдар айырымы. Конденсатор
№1.4 · 10–9 Кл зарядтан 10 және 20 см арақашықтықта орналасқан екі нүктенің арасындағы потенциалдар айырымын анықтаңдар.
№2. 2,6•10–7 Кл зарядты өрістің бір нүктесінен екінші нүктесіне дейін жылжытқанда өріс 13 · 10–5 Дж жұмыс атқарады. Осы өріс нүктелерінің потенциалдар айырымы қандай?
№3. Сыйымдылығы 10–6 фарад болатын конденсаторға 4,4•10–4 Кл заряд беру үшін оны қандай кернеуге дейін зарядтайды?
№4. Сыйымдылығы 0,02 мкФ жазық конденсатордың заряды 10–8 Кл. Конденсатор астарларының арақашықтығы 5 мм. Олардың арасындағы өрістің кернеулігі қандай?
№5. 20 нКл зарядты потенциалдары 700 В нүктеден 200 В нүктеге дейін жылжытқанда өріс қандай жұмыс атқарады?
№6. Потенциалы 6000 В нүктеден 3 • 107 м/с жылдамдықпен ұшып шыққан электрон өріс бойымен қозғалады. Электронның жылдамдығы нөл болатын нүктенің потенциалын табыңдар. Электронның массасы 9,1•10–31 кг; заряды 1,6•10–19 Кл
№7. Оңашаланған өткізгіштер 100В потенциалдарға дейін зариядтағанда 1*10-9 Кл электр заряды берілген . Өткізгіштің электр сыйымдылығын анықтаңдар. №8.Сыйымдылығы 3*10-6 ф конденсаторға 4.4*10-4Кл зарияд беру үшін конденсаторды қандай кернеуге дейн зарядтау керек? №9.Конденсатордың паспортында «150нФ,200В» деп жазылған. Сонда осы конденсаторға қандай үлкен заряд мөлшерін беруге болады?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет