Кез келген қайтымсыз процесс тепе-теңсiздiк күйлердегi денелерде пайда болады. Кез келген оқшауланған термодинамикалық жүйедегi қайтымсыз процестер әрқашан стационар емес болып табылады. Кинетикалық процестердiң әрқайсысының қасиеттерi сыртқы шарттарға бағынышты және заттардың дара қасиеттерiне тәуелдi. Олардың зат бөлшектерi арасындағы өзара әсер күштерiне тәуелдiлiгi өте маңызды. Әрбiр кинетикалық процесс, тасымалдау процестерi деп аталады. Олар: диффузия (зат тасымалдау), жылу өткiзгiштiк (жылу түрiндегi энергия тасымалдануы), тұтқырлық (импульс тасымалдау) заттың тепе-теңдiк жағдайынан ауытқығанында жылулық қозғалыстар әсерiнен, өз еркiнен пайда болатын қайтымсыз процестер.
Диффузия. Тығыздық тепе-теңдiк мәнiнен ауытқығанда, жүйенiң белгiлi бiр бөлiгiнде қоспа құраушыларының қозғалысы басталады. Бұл қозғалыс әрбiр құраушының тығыздығы барлық көлемде бiрдей болатындай бағытта жүредi. Осындай қозғалыспен байланысты зат құраушыларының тасымалдануын диффузия деп түсiнемiз.
диффузия коэффициентi (43)
Жылу өткiзгiштiк. Тепе-теңдiк жағдайында жүйенiң барлық бөлiгiнде температура T бiрдей. Температура тепе-теңдiк мәнiнен ауытқығанда жүйенiң белгiлi бiр бөлiгiнде жылу қозғалысы пайда болады. Осындай қозғалыспен байланысты жылу формасында энергия тасымалдау жылу өткiзгiштiк деп аталады.
жылу өткiзгiштiк коэффициентi (44)
Тұтқырлық. Тепе-теңдiк жағдайында фазаның әртүрлi бөлiктерi бiр-бiрiне қатысты алғанда тыныштық жағдайында болады. Бұл жағдайдан ауытқып, бөлiктер арасында салыстырмалы қозғалыс пайда болғанда олардың салыстырмалы жылдамдығын азайтуға тырысатын факторлар, яғни iшкi тежегiш күштер немесе тұтқырлық пайда болады. Бұл күштердiң пайда болуы газ қабаттары арасындағы реттелген қозғалыс кезiнде бiр-бiрiмен импульс алмасуына саяды. Олай болса, тұтқырлық импульс тасымалдау процесiне жатады.