«физика» ПӘні бойынша оқУ-Әдістемелік кешен 050113 – «Биология» мамандығы үшін



бет16/40
Дата26.04.2022
өлшемі0,68 Mb.
#32393
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   40
СҰЙЫҚТАРДЫҢ НЕГIЗГI ҚАСИЕТТЕРI

Сұйықтардың қасиеттерi газ қасиеттерiне жуықтап сәйкес келедi. Сындық температурада заттар газ күйiнен сұйыққа және керiсiнше үздiксiз айналатындықтан сұйық пен оның буының қасиеттерi бiрдей болады. Нақты газдар теңдеулерi газ күйiнен сұйық күйiне және керiсiнше ауысатынын көрсетедi. Сындық температурадан өзгеше температурада газ тығыздығы мен сұйық тығыздығының айырмашылығы өте үлкен. Сондықтан сұйықтар мен газдар сапалық жағынан қасиеттерi әртүрлi. Сұйықтың басты ерекшелiгi ол газға қарағанда өзiнiң көлемiн және құйылған ыдыстың формасын сақтайды.



Сұйықтардың молекулалары газдарға қарағанда тығыз орналасқандықтан нашар сығылады. Мұны Ван-дер-Ваальстiң изотермасынан көруге болады. Сығылу коэффициентi тұрақты температурада қысымға байланысты. Сұйыққа түсiрiлген қысым артқанда молекулалар ара қашықтығы азаяды олардың арасындағы тебiлу күшi артады. Қалыпты қысымда әртүрлi сұйықтардың сығылу коэффициенттерi әртүрлi, ал жоғарғы қысымда барлық сұйықтардың сығылу коэффициенттерi жуықтап бiрдей болады. Сұйықтың сығылу коэффициентi температураға байланысты. Сұйықты қыздырғанда жылулық ұлғаюдың есебiнен сұйықтың көлемi ұлғаяды, сондықтан молекулалардың арақашықтығы алыстайды. Молекулалардың өзара тебiлу күшi азаяды да сұйықты сығу онайланады. Сондықтан температура жоғарылаған сайын сығылу коэффициентi өсе бередi. Сұйықтың бастапқы көлемi оның массасы М мен тығыздығы ρ арқылы табылады: . Сұйықтардың жылу сыйымдылығы оның молярлық массасына, яғни молекулалық құрылысына байланысты.

Беттiң ұзындық бiрлiгiне жанама бойынша әсер ететiн күштердiң қорытқы күшi беттiк керiлу коэффициентi деп аталады:



,[Н/м]. (46)

Беттiк керiлу коэффициентi СИ бірліктер жүйесiнде Н/м-мен өлшенедi. Сонымен беттiк керiлу коэффициентi сан жағынан сұйықтың беттiк қабыршағының, жиек сызығының ұзындық бiрлiгiне түсетiн күшке тен. Сұйықтың беттiк керiлу коэффициентi сұйықтың табиғатына, температурасына байланысты.



Жалпы алғанда, сұйықтың бетi басқа ортамен шекараласады. Ол орта сұйықтың буы, басқа тектi сұйық немесе қатты дене болуы мүмкiн. Сондықтан сұйықтың беттiк қабатындағы молекулаларға әсер ететiн күштер шамасы бағыты сұйықтың шекарасындағы орта тығыздығына, табиғатына байланысты. Сұйықтардың беттiк керiлу коэффициентi олардың табиғатына байланысты қатты өзгередi. Мысалға судың σ= 73·Н/м; сабынды қоспаның σ= 45·Н/м; эфирдiкi σ= 23·Н/м; ерiтiндi тұздар үшiн ~100·, Н/м; балқыған металдардың ~1.0; балқытылған платинаның ~17·Н/м. Сұйытылған газдардың беттiк керiлу коэффициентi төмен.

Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 6, 8, 9.

Қосымша әдебиеттер: 15,16.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет