Тұтас цилиндр. Дененің радиусы R, ұзындығы l, массасы m. Есепті шешу үшін санақ жүйесінің бастама нүктесін цилиндр центрінде орналасты-рамыз. инерция моментін анықтау үшін денені диск тәрізді қылып y осі бойында сығуға болады. Онда
(25)
Айқын симметрияға сәйкес . Ойша цилиндрді массасы dm, қалыңдығы dy жұқа дискілерге бөліп, 5-суретте көрсетілгендей, z оське параллель z осін қарастыруға енгіземіз. Онда Гюйгенс-Штейнер теоремасы бойынша:
(26)
Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 6, 8, 9.
Қосымша әдебиеттер: 15,16.
2- ші дәріс. Молекулалық физика және термодинамика. Молекулалық – кинетикалық теория. Термодинамиканың I-II бастамалары. Ішкі энергия. Жұмыс. Жылу. Газдардағы процесстер. Нақты газдар. Сұйықтар. Қатты денелер.
Тәжірбиелік зерттеулердің нәтижесінде молекулалық-кинетикалық теорияның негізгі тұжырымдары заттың дербес ұсақ бөлшектерден – молекулалардан тұратындығы, олардың үзіліссіз, ретсіз, хаостық, жылулық қозғалыста болатындығы тағайындалған.
Молекулалық физика макроскопиялық жүйелердiң физикалық қасиеттерiн зерттейдi. Макроскопиялық жүйеге газдар, сұйықтар, қатты денелер және плазма жатады. Әртүрлi физикалық қасиеттерi бар бұл заттардың зерттеуге мүмкiндiк беретiн жалпы ортақ белгiсi, олар өте ұсақ бөлшектерден: молекулалардан, атомдардан және электрондардан тұрады.
Молекула - заттың барлық химиялық қасиеттерiн сақтай алатын өте кiшкене бөлшегi. Молекулалардың өзi қарапайым бөлшектер - атомдардан тұрады. Атом ядросы екi түрлi бөлшектерден тұрады: заряды сан жағынан электрон зарядымен бiрдей оң зарядталған протоннан, зарядсыз нейтроннан. Ол бөлшектер жалпы нуклондар деп аталады. Ядро бөлшектерi тартылыс күшi — ядролық күшпен байланысқан.
Заттың күйiн анықтайтын физикалық шамаларды параметрлер деп атайды. Газ массасының күйi P — қысым, V— көлем, T — температура мәндерi арқылы анықталады. Бұл параметрдiң байланысы аналитикалық түрде берiледi.
F(P,V,T)=0 (27)
Қандай да бiр дененiң параметрлерiнiң арасындағы байланысты беретiн теңдеу осы дененiң күй теңдеуi деп аталады. Демек, (1) газдың берiлген массасының күй теңдеуi болып табылады. Егер де (1) теңдеуiн қандай да бiр параметрге, мысалы P-ға қатысты шешетiн болсақ, онда күй теңдеуi P=f(V,T) түрiнде жазылады.
Молекулалық-кинетикалық теорияның негiзгi қағидалары. Молекулалық-кинетикалық теорияның бiрiншi қағидасы: молекулалар тәртiпсiз, хаосты, жылулық қозғалыста болады да, кеңiстiктiң барлық бағытындағы қозғалыс ықтималдылығы бiрдей болады.
Екiншi қағида: молекулалардың орташа квадраттық жылдымдығы абсолют температураның квадраттық түбiрiне тура пропорционал .
Үшiншi қағида: температуралары бiрдей әртүрлi газдардың молекулалардың орташа кинетикалық энергиялары өзара тең, яғни:
(28)
мұндағы — молекулалардың массасы, — орташа квадраттық жылдамдықтар. Бұл қағида барлық газдар үшiн бiрдей.
Заттың бiр мольге тең мөлшерiнде молекулалар саны болады. Бұл бөлшектер бiр-бiрiне қатынасты тынымсыз қозғалыста және олардың арасында күрделi әсерлесулер өтiп жатады. Мұндай кездейсоқ өзгерiстер, құбылыстар ықтималдылықтар iлiмiнде қарастырылып негiзделедi. Бұл iлiмге қатынасты математикалық негiзгi тұжырымдарды негiзiнен идеал газға қатысты қарастырамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |