«Физика» пәнінен 1-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары Контейнерге толтырылған судың биіктігі 15 м. Төменнен 10 м биікте орналасқан түтікше суретте көрсетілгендей ашылады. Су түтікшеден қандай жылдамдықпен ағып шығады? (g = 9,8 м/с2)
9,9 м/с
14,1 м/с
15,0 м/с
17,3 м/с {1]
Тыныштықта тұрған доп вертикаль төмен құлайды. 1 с-тан соң горизонталь жазықтықтан серпіледі және қайтадан жоғары көтерілгенше бастапқы мезеттен 1,5 с уақыт өтеді.
Графикті пайдаланып, доп жылдамдығының өзгерісін сипаттаңыз.
___________________________________________________________________________[1]
Доп бастапқы орнымен салыстырғанда 1,5 с ішінде қандай орын ауыстыру жасағанын есептеңіз. ___________________________________________________________________________[2]
Ұзындығы L= 4 м біртекті сырықтың бір ұшынан d=1 м қашықтықта тірек қойылған. Осы шетінен салмағы W=25 Н жүк ілінгенде сырық тепе-теңдікте болады.
Сырықтың тепе-теңдік шартын жазыңыз.
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________[2]
Биік төбеден горизонталь бағытта 8,2 м/с жылдамдықпен лақтырылған доптың траекториясы суретте берілген (ауа кедергісі ескерілмеген).
Доп жылдамдығы Р нүктесінде горизонтпен 60º бұрыш жасайды. Осы кезде оның жылдамдығы қандай болады?
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ [2]
Суретте бастапқы горизонталь жылдамдығы келесі мәндерге ие болған жағдайлар үшін доп траекториясын сызыңыз:
жылдамдығы 8,2 м/с-тан үлкен және ауа кедергісі ескерілмейді. Бұл траекторияны В әрпімен белгілеңіз;
_______________________________________________________________________________________________________[1]
жылдамдығы 8,2 м/с-ке тең және ауа кедергісі ескеріледі. Бұл жағдайда траекторияны С әрпімен белгілеңіз.
____________________________________________________________________________________________________________________[1]
Ж іпке байланған тас горизонталь жазықтықта 5.1-суретте көрсетілгендей тұрақты жылдамдықпен шеңбер бойымен қозғалады.
Тас қозғалысының бірқалыпты не үдемелі болатындығы туралы қорытынды жасап, түсіндіріңіз.
_____________________________________________[1]
(b) Тастың салмағы 7,0 Н. Жіп вертикальмен 350бұрыш жасаған кездегі жіптің керілу күші T-ға тең. Тасқа әрекет ететін қорытқы күш мәнін есептеңіз.
_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________[3]
Массасы 50 г металл шар вертикаль серіппеге 6.1-суретте көрсетілгендей құлайды.
Серіппе ұстатқышқа вертикаль бекітілген. Шар серіппеге 2,8 м/с жылдамдықпен соғылады. Шар құлаған соң серіппе шармен бірге төмен қарай сығылады.
Серіппеге соғылар алдында шардың кинетикалық энергиясы 0,16 Дж болғандығын дәлелдеңіз. _______________________________________________________________________________________[1]
Сығылу кезінде серіппеге әсер еткен күштің х деформацияға тәуелділігі 6.2-суретте берілген. Серіппенің максимал сығылуы , қатаңдығы 900 Н/м.
6 .2-суретті пайдаланып серіппенің максимал
(i) ХВсығылуын анықтаңыз.
_____________________________________________________________________________________________________________[2]
Шардың кинетикалық энергиясы толығымен серіппенің потенциалдық энергиясына айналмайтынын дәлелдеп, себебін түсіндіріңіз.
______________________________________________________________________________________________________________________[2]
Вентури құбыры сұйық пен газдың ағу жылдамдығын өлшеу үшін қолданылатын құрылғы. Құрылғы өзара жалғанған аудандары 𝑆1, 𝑆2 түтікшелерден тұрады.
Түтікшелердің аудандары сәйкесінше = 5см2 және = 3см2. Вертикаль түтіктердегі сұйықтар биіктіктерінің айырмашылығы 20 см.
Анықтаңыз:
құбырдың тар бөлігіндегі судың ағу жылдамдығын.
_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________[3]
құбырдың кең бөлігіндегі судың ағу жылдамдығын.
_ __________________________________________________________________________[1]
Төменде белгілі бір планетаның гравитациялық өрісі кернеулігінің планета центрінен қашықтыққа тәуелді өзгерісі берілген. Планета массасы – М.
Графикті пайдаланып, қисықтың градиентін анықтаңыз. Анықтау жолын толық көрсетіңіз.
____________________________________________________________________[2]
Радиусы екі есе үлкен, тығыздығы бірдей планета үшін жоғарыда берілген график қалай өзгеретінін түсіндіріңіз.
___________________________________________________________________________[2]
Жалпы балл: 30