Жалпы балл: 25 балл
«Физика» пәнінен 3-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
2-нұсқа
Аты-жөні:___________________________________________________________________
Суретте көрсетілген жүйелердің қайсысы тербелмелі жүйеге жатпайды?
[1]
2. а) Резонанс дегеніміз:
A) Мәжбүр етуші күштің тербеліс жиілігі мен тербелмелі жүйенің меншікті жиілігі дәл келген кезде еріксіз тербелістер амплитудасының кенет артуы;
B) Мәжбүр етуші күштің тербеліс жиілігі мен тербелмелі жүйенің меншікті жиілігі сәйкес келмеген кездегі еріксіз тербелістер амплитудасының кенет артуы;
C) Мәжбүр етуші күштің тербеліс жиілігі мен тербелмелі жүйенің меншікті жиілігі дәл келген кезде еріксіз тербелістердің бұрыштық жылдамдығының кенет артуы;
D) Мәжбүр етуші күштің тербеліс жиілігі мен тербелмелі жүйенің меншікті жиілігі дәл келген кезде еріксіз тербелістердің периодының кенет артуы;
[1]
ә) Графикте тербелі жүйе көрсетілген.
А) Тербелістің циклдік жиілігін анықта [1]
В) Гармоникалық тербеліс теңдеуін жаз [1]
c)Меншікті жиілігін анықта [1]
3. а) Шамалар мен олардың өлшем бірліктерін сәйкестендіріңіз: [3]
ә) Бірінші автокөліктің массасы екіншісінен 18 есе артық ,ал жылдамдығы 6 есе кем .Олардың кинетикалық энергияларының қатынасы? [3]
4. Жібінің ұзындығы 0,99 м математикалық маятник1 мин 40 с-та 50 толық тербеліс жасайды.Еркін түсу үдеуінің Жер бетіндегі мәнін анықтаңыз.( π2 = 9,87.) [4]
5. Егер үйдің әр қабатының биіктігі 500см болса, онда баспалдақпен бірінші қабаттан төртінші қабатқа дейін массасы -60 кг адам көтерілгенде , ауырлық күшінің атқаратын жұмысын және қандай жылдамдықпен көтерілгенін тап. [4]
6.а)Дыбыстың пайда болу шартын жазыңыз [1]
ә) дыбыс толқынның қай түріне жатады? [1]
б) Дыбыс биіктігі қандай шамадан тәуелді? [1]
7. Массасы 20 кг, тыныш тұрған арбаның үстінде массасы 60 кг адам тұр. Егер адам арбаның үстінде, арбамен салыстырғанда 1 м/с жылдамдықпен жүре бастаса, арба жермен салыстырғанда қандай жылдамдықпен қозғалады? [3]
Жалпы балл: 25 балл
Достарыңызбен бөлісу: |