«Физика» пәнінен 3-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
1-нұсқа
Аты-жөні:___________________________________________________________________
Қай графикте кинетикалық энергия мен жылдамдықтың байланысы дұрыс көрсетілген?
[1]
а) Суретте толқындық қозғалыстарға мысалдар көрсетілген.
Бойлық толқындарды көрсетіңіз.
А) тек 1
В) 1,2 және 4
С) 2 және 3
D) 2 және 4
[1]
ә) Тербелмелі қозғалыстың графигі берілген.
А) Әрбір графиктің тербеліс периодын анықта [2]
В) Қай графиктің жиілігі жоғары? [1]
3. а) Шамалар мен олардың өлшем бірліктерін сәйкестендіріңіз:
Шамалар
|
Өлшем бірліктер
|
1.импульс
|
А)рад/с
|
2.жұмыс
|
В)Дж/с
|
3.қуат
|
С) м/с2
|
|
Д) Н*с
|
|
Е)Н
|
|
F)Н*м
|
[3]
ә) Кинетикалық энергиясы 16 Дж, импульсі 8 кг м/с дененің жылдамдығы неге тең? [3]
4. Ұзындығы 50 см математикалық маятник пен қатаңдығы 60Н/м серіппелі маятниктің периодтары бірдей болса, серіппеге ілінген жүктің массасы қандай? [4]
5. Винтовкадан тік жоғары қарай 0,020 кг болатын оқ атылды. Оның ұңғыдан шыққан жылдамдығы 350 м/с.
Есептеңіз:
А) Мылтық ұңғысынан шыққан кездегі оқтың атқарған жұмысын. [2]
В)Оқтың көтерілу биіктігін анықтаңыз. [2]
a) Ультрадыбысқа анықтама беріңіз: [1]
ә)Ультрадыбыстың қандай ерекшелігі оны эхолокацияда қолдануға мүмкіндік береді? [1]
б)Ультрадыбыстың медицинада және техникадағы қолданысына мысал келтір. [1]
Массасы 0,8 кг, жылдамдығы 2 м/с болатын дене массасы 0,8 кг, жылдамдығы 2 м/с болатын денемен өзара әрекеттеседі. Өзара әсерлесуден кейінгі жылдамдығы қандай? [3]
Достарыңызбен бөлісу: |