Физика» пәнінен 4-тоқсанға арналған жиынтықбағалаудыңтапсырмалары. 10 кл. 1. Суретте өткізгіш бойымен жүріп жатқан ток бағыты көрсетілген. С нүктесіндегі осы өткізгіш тудыратын магнит өрісінің бағытын анықтаңыз.
Сурет жазықтығында жоғары қарай
Сурет жазықтығында төмен қарай
Сурет жазықтығына перпендикуляр бізден ары қарай
Сурет жазықтығына перпендикуляр бізге қарай [1]
2. Суретте электр қозғалтқыштың сұлбасы берілген. Электр қозғалтқыштың катушкасы 200 орамнан тұрады, ток күшінің мәні 1,0 А. Катушка қабырғалары 20 см болып келген шаршы, магнит өрісінің индукциясы 0,05 Тл.
(a) Катушка қабырғаларына әрекет етуші максимал күшті анықтаңыз. [1] (b) Айналдырушы күш моменті максимал болуы үшін, катушка қалай орналасуы керек?[1] (c) Қозғалтқышты «қуаттырақ» ету,яғни айналдыру моментін арттырудың әдісін ұсыныңыз. [1]
3. Трансформатордың бір орамасы ойыншық пойыз жиынтығына, ал екінші орамасы 240 В айнымалы ток көзіне суретте көрсетілгендей қосылған.
а/ Cуретте берілген ақпарат бойынша трансформатордың жоғарылатқыш әлде төмендеткіш екенін анықтаңыз [1] б/ Ойыншық пойызға түсірілген кернеуді есептеңіз [1] с/ Ток көзіндегі кернеу төмендейді. Ойыншық пойызға түсірілетін кернеуге не болады? [1] д/ Ойыншық пойызды кернеуі 110 В болатын ток көзіне қосуға әрекет жасалды. Ойыншық пойыз жұмысында байқалатын айырмашылықтың бірін ұсынып, түсіндіріңіз. [1]
4. Өткізгіш контурды тесіп өтетін магнит ағыны 0,6 Вб-ге бірқалыпты өзгергенде, онда 1,2 В ЭҚК индукцияланады. Өткізгіш кедергісі 0,24 Ом
а/ Магнит ағынының өзгеру уақытын анықтаңыз. [1] б/ Өткізгіште пайда болатын индукциялық ток мәнін есептеңіз [1]