«Физика» пәнінен 4-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары



Дата22.05.2023
өлшемі72,33 Kb.
#96133

«Физика» пәнінен 4-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары

  1. Суретте өткізгіш бойымен жүріп жатқан ток бағыты көрсетілген. С нүктесіндегі осы өткізгіш тудыратын магнит өрісінің бағытын анықтаңыз.

A . Сурет жазықтығында жоғары қарай
B. Сурет жазықтығында төмен қарай
C. Сурет жазықтығына перпендикуляр бізден ары қарай
D. Сурет жазықтығына перпендикуляр бізге қарай
[2]
2. Суретте электр қозғалтқыштың сұлбасы берілген. Электр қозғалтқыштың катушкасы 200 орамнан тұрады, ток күшінің мәні 1,0 А. Катушка қабырғалары 20 см болып келген шаршы, магнит өрісінің индукциясы 0,05 Тл.


    1. Катушка қабырғаларына әрекет етуші максимал күшті анықтаңыз.

    2. Айналдырушы күш моменті максимал болуы үшін, катушка қалай орналасуы керек? Түсіндіріңіз.

[4]
3. Өткізгіш контурды тесіп өтетін магнит ағыны 0,6 Вб-ге бірқалыпты өзгергенде, онда 1,2 В ЭҚК индукцияланады. Өткізгіш кедергісі 0,24 Ом.

    1. Магнит ағынының өзгеру уақытын анықтаңыз.

    2. Өткізгіште пайда болатын индукциялық ток мәнін есептеңіз.

[4]
4. Магнит ағынын не сипаттайды? [2]

  1. Суреттерде берілген контурларда пайда болатын индукциялық токтар бағытын анықтап, суретте белгілеңіз.


[2]

  1. Магнит индукциясы 2 мс ішінде 0,2 Тл-дан 0,3Тл-ға дейін өзгергенде 10 В индукция ЭҚК-і қозу үшін, көлденең қимасының ауданы 50 см2 катушкадағы орам саны қанша болу керек екенін есептеңіз. [4]



  1. Ш ағын катушкаға гальванометр жалғанған (сурет). Магнит төмен қарай құлап, катушкаға енгенде гальванометр тілшесі:

    1. Үздіксіз оңға ауытқиды

    2. Үздіксіз солға ауытқиды

    3. Лезде оңға ауытқиды

    4. Лезде солға ауытқиды

[2]


8. Орам саны N = 400 соленоидтағы индукцияның ЭҚК­ның мәні ε=100 В болғанда магнит ағыны жылдамдығының өзгерісін анықтаңдар.

[3]

9. Сұрақтарға жауап беріңіз


  1. Температура артқанда ферромагниттік қасиеті қалай өзгереді?

  2. Ферромагниттік қасиет толық жойылатын температура қалай аталады?

  3. Бұл температура барлық заттарда бірдей болады ма?

[3]


10. Индуктивтілігі L=6 мГн соленоидтың N=400 орамы бар. Орама арқылы өтетін ток күші I = 10 А. Соленоидта пайда болатын магнит ағынын анықтаңдар.

[4]




Жалпы балл: 30

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет