«Физика» пәнінен бөлім бойынша жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар 10-сынып


«Электромагниттік индукция» бөлімі бойынша жиынтық бағалау



бет22/23
Дата02.10.2023
өлшемі196,09 Kb.
#112601
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
«Физика» пәнінен бөлім бойынша жиынтық бағалауға арналған әдісте-emirsaba.org

«Электромагниттік индукция» бөлімі бойынша жиынтық бағалау




Оқу мақсаттары
        1. Электромагниттік құралдардың (электромагниттік реле, генератор, трансформатор) жұмыс істеу принципін зерттеу


        2. Электромагниттік индукция заңын есептер шығаруда қолдану


        3. Механикалық және магнит өрісінің энергиялары арасындағы сәйкестікті жүргізу


        4. Қолданыстағы электрқозғалтқыштың моделін зерттеу және Фарадей заңы мен Ленц ережесін қолданып алынған нәтижелерді пайдалана отырып дәлелді түрде түсіндіру




Бағалау критерийі


Білім алушы
  • Электромагниттік реленің жұмыс жасау принципін сипаттайды


  • Фарадей заңын қолданады


  • Механикалық және магнит өрістері энергияларының ұқсастығын анықтайды


  • Фарадей және Ленц заңдарын қозғалтқыш жұмысын түсіндіруде қолданады




Ойлау дағдыларының деңгейлері

Қолдану



Орындау уақыты

20 минут




Тапсырмалар
  1. Суретте электр қозғалтқыш жұмысын басқару үшін электромагниттік реле қолданылғаны көрсетілген.



Төменде құрылғының жұмыс кезеңдерін сипаттайтын сөйлемдер берілген.


    1. Жылжымалы арматура мен контактілер тұйықталады.


    2. Реленің өзекшесі магниттеледі.


    3. Кілт тұйықталады және катушка арқылы ток ағады.


    4. Қозғалтқыш арқылы ток жүріп, оны жұмысқа қосады.


    5. Өзекше жылжымалы арматураның жоғарғы бөлігін тартады.


Төменде берідген ұяшықтарға сәйкес кезеңдерді ретімен белгілеңіз. Бір ұяшық мысал ретінде толтырылған:

1-кезеңге сәйкес сөйлем С 2-кезеңге сәйкес сөйлем


3-кезеңге сәйкес сөйлем




4-кезеңге сәйкес сөйлем




5-кезеңге сәйкес сөйлем





  1. Өткізгіш контурды тесіп өтетін магнит ағыны онда индукцияның ЭҚК 1,2 В болғанда 0,6 Вб-ге бірқалыпты өзгерді. Магнит ағынының өзгеру уақытын анықтаңыз. Өткізгіш кедергісі 0,24 Ом.



  1. Механикалық және магнит өрісі энергиясын сипаттайтын шамалар арасындағы сәйкестікті анықтап, кестені толтырыңыз.



Механикалық энергияны сипаттайтын шамалар


Магнит өрісінің энергиясын сипаттайтын шамалар















  1. Кілтті қосқанда және ажыратқанда катушкада индукцияланатын ток бағытын анықтаңыз.



  1. Велосипед дөңгелегі горизонталь магнит өрісіндегі металл оське вертикаль бағытта бекітіледі. Дөңгелектің металл шеті мен металл ось шанақтар арқылы байланысқан.



    1. Неліктен дөңгелекті айналдырғанда ЭҚК индукцияланатынын түсіндіріңіз.


    2. Осы ЭҚК-ті арттырудың екі әдісін көрсетіңіз.


    3. Дөңгелек радиусы 15 см және ол секундына бес рет айналады. Магнит өрісін біртекті деп есептеуге болады, оның индукциясы 5 мТл.


Есептеңіз:


      1. әр шанақтың бір секундта қамтитын ауданын;


      2. контактілер арасында пайда болатын ЭҚК-ін.








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет