«Физика» пәнінен бөлім бойынша жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар 10-сынып


«Әртүрлі ортадағы электр тогы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау



бет18/23
Дата02.10.2023
өлшемі196,09 Kb.
#112601
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
«Физика» пәнінен бөлім бойынша жиынтық бағалауға арналған әдісте-emirsaba.org

«Әртүрлі ортадағы электр тогы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау




Оқу мақсаттары

10.3.3.1 Металдардағы электр тогын сипаттау және кедергінің температураға тәуелділігін талдау;


10.3.3.3 Жартылай өткізгіштердегі электр тогын сипаттау және жартылай өткізгіш құралдарын қолдану принципін түсіндіру
10.3.3.5 Электролиттердегі электр тогын сипаттау және электролиз заңын есептер шығаруда қолдану
        1. Газдардағы және вакуумдағы электр тогын сипаттау;


        2. Электронды-сәулелік түтікшенің жұмыс істеу принципін және қолданылуын түсіндіру




Бағалау критерийі


Білім алушы


Ойлау дағдыларының деңгейлері

Қолдану



Орындау уақыты

20 минут




Тапсырмалар
  1. Мыс сымды катушкаға тұрақты кернеу берілген. Осы катушканы еріп жатқан мұзға батырғанда ток күші 14 мА, ал қайнаған суға батырғанда ток күші 10 мА болды. Осы мәліметтерді пайдаланып, мыс сымның кедергісінің температуралық коэффициентін анықтаңыз.


2.

    1. Графикте термистор кедергісінің температураға тәуелділігін сызыңыз.


  1. Cуретте көрсетілгендей ЭҚК-і 12 В, ішкі кедергісі өте аз ток көзіне X және Y резисторлары мен Z термисторы тізбектей жалғанған. Y кедергісі 15 кОм, ал белгілі бір температурадағы термистор кедергісі 3 кОм. Y резисторындағы кернеудің түсуі 8 В.


    1. Тізбектегі ток күшінің мәнін есептеңіз.


    2. X кедергісінің мәнін есептеңіз.


    3. Z термистордың температурасы артты. Осы кезде Z термистордағы кернеудің түсуі қалай өзгеретінін тұжырымдаңыз және түсіндіріңіз.



  1. Электролиз құбылысының практикалық қолданылуына мысалдар келтіріңіз.



  1. Электролиттік ыдыстарды тізбектей жалғағанда катодтардан бөлінетін үш валентті темір мен екі валентті мырыштың массаларын салыстырыңыздар. k(темір)=0,193 мг/Кл; k(мырыш )=0,339 мг/Кл.



  1. Өзара параллель екі металл пластиналардың арасындағы вакуумде электр өрісі бар. Осы пластиналар арасындағы біртекті электр өрісінде α-бөлшектер суретте көрсетілгендей ауытқиды.



2
1


Пластиналар арасындағы электр өрісінің кернеулігі азайтылды және ɑ-бөлшектер β- бөлшектермен алмастырылады. β-бөлшектердің ауытқыуы 2-суретте көрсетілген.

    1. 1-ші және 2-ші суреттерде көрсетілген электр өрістерінің бір ұқсастығын көрсетіңіз.


    2. 2-ші суреттегі электр өрісінің кернеулігі 1-ші суреттегімен салыстырғанда кем. Электр өрісінің кернеулігін азайтудың әдісін көрсетіңіз.


    3. ɑ- және β-бөлшектердің қасиеттеріне сілтеме жасай отырып, 1-ші және 2-ші суреттерде бейнеленген ауытқулардың түрлі болуының себебін көрсетіңіз.



  1. Cуретте электронды-сәулелік түтікше бейнеленген.




    1. Суретке оның негізгі бөліктерінің аталуын жазыңыз.


    2. Электронды сәулелік түтікшенің жұмысын қысқаша сипаттаңыз.








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет