3-ТОҚСАН БӨЛІМ БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ
«Атомдық және кванттық физика» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаттары
11.7.1.1- электромагниттік сәулеленудің корпускулярлық- толқындық табиғатын дәлелдейтін мысалдар келтіру; олардың пайда болу табиғаты мен затпен әрекеттесуіне қарай ажырату;
11.7.1.2 - спектрлік талдау әдісін және оның қолданылуын сипаттау;
11.7.1.4 - фотоэффектінің табиғатын түсіндіру және оны қолдануға мысалдар келтіру.
Бағалау критерийі
Білім алушы
Жарықтың табиғатын түсіндіреді; Спектрлік анализге талдау жасай алады;
Фотоэффект құбылысын сипаттайды.
Ойлау дағдыларының деңгейлері
Қолдану
Орындау уақыты
25 минут
Тапсырмалар
Жарықтың толқындық және корпускулярлық құбылыстарын дәлелдейтін мысалдар келтіріңіз.
[2]
(а) Гелий элементінің ашылуына себеп болған әдісті атаңыз.
[1]
(b) Спектрдің түрлерін атаңыз
[2]
(с) жұтылу спектрі қалай пайда болады?
[3]
Металдың бетін электромагниттік сәулемен сәулелендіру барысында орын алатын электр құбылысы, атап айтқанда электрондардың металдан ұшып шығуы фотоэлектрондық эмиссия деп аталады.
a) Фотоэффектінің қызыл шекарасының болуы және сәуленің бөліктеп шығуы неліктен электромагниттік сәулеленудің корпускулалық табиғатын дәлелдейтінін, ал оның өз кезегінде толқындық теорияға қарама-қайшы келетінін түсіндіріңіз.
24
[3]
ә) Жиілігі f болатын монохроматтық электромагниттік сәуле металл бетіне түседі. Фотоэлектрлік эмиссия теңдеуі: ℎ = 𝐴 + ½ 𝑚𝜗max2 Келесі физикалық шамаларды ата:
(i) ℎ.......................................................................................
[1]
(ii) 𝐴 .......................................................................................
[1]
(iii) ½ 𝑚𝜗max2 .........................................................................
[1]
Жалпы балл: 12 25